«Полиция департаменті бұған қалай жол берді?»: Абай Бегейдің 16 жастағы қызы тұрмысқа шықты

Журналист Гүлмира Әбіқай мұның заңсыз екенін жазды

«Полиция департаменті бұған қалай жол берді?»: Абай Бегейдің 16 жастағы қызы тұрмысқа шықты
Әлеуметтік желіден
639

Әнші Абай Бегейдің 16 жастағы қызы тұрмысқа шықты.

Жаңалықты желіде әншінің жұбайы жариялады. Ал журналист Гүлмира Әбіқай мұның заңсыз екенін жазып отыр.

«Маңғыстау Облысының Полиция Департаменті, екі бірдей заң бұзуға қалай жол бердіңіздер? Қыз алып қашу және кәмелет жасқа толмаған қыз? Маңғыстау облысының білім басқармасы, білім қайда? Сабақ қайда? Екі жақтың Ата-анасын заңды жауапқа тартып, айыппұл салу қажет. Абайды сыйлаушы едім, өз қызына өзі жау болып шыққаны жаман болған екен!» - деп жазды журналист.

Серіктес жаңалықтары