Алматы тауларында сел жүру қаупі бар

"Қазселденқорғау" мекемесінің бөлімшелері қауіпті аумақтарды тәулік бойы жіті бақылау режиміне көшкен

Алматы тауларында сел жүру қаупі бар
Ашық дереккөз
524

Қалалық төтенше жағдайлар қызметі тұрғындар мен туристерден тауға шықпауды сұрайды.

Қазгидрометтің хабарлауынша, кеше басталған нөсер салдарынан Кіші Алматы мен Үлкен Алматы өзендерінің бассейнінде сел жүру қаупі жоғарылады.

"Қазселденқорғау" мекемесінің бөлімшелері қауіпті аумақтарды тәулік бойы жіті бақылау режиміне көшкен. Төтенше жағдайлар қызметі сел ағынынан құтылу мүмкін емес екенін ескертіп, қалалықтар мен қала қонақтарын таулы аймаққа әзір мүлде жоламауға шақырады.

Серіктес жаңалықтары