Әнші Нұрболат Абдуллиннің Райммен түскен суреті желіде қызу талқыға түсті

Нұрболат Абдуллин Райммен бірге түскен фотоларын Instagram-дағы парақшасында жариялаған

Әнші Нұрболат Абдуллиннің Райммен түскен суреті желіде қызу талқыға түсті
Instagram/nurbullin
578

Танымал әнші Нұрболат Абдуллин өнердегі әріптесі Райммен түскен суреттерін жариялап, желіде қызу талқыға түсті. Қалың көпшілік өнер иесінің дене сымбатына тәнті болған, деп жазады turkystan.kz nur.kz-ке сілтеме жасап.

Нұрболат Абдуллин Райммен бірге түскен фотоларын Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Cуреттерде әншілер түрлі белгілер көрсетіп, күліп тұрғанын көруге болады. 

Желі қолданушылары аталмыш кадрларды бірден қызу талқылап, Нұрболат Абдуллиннің дене сымбатын сөз еткен. Өнердегі әріптесі Бағлан Әбдірайымов оны әйгілі терминатормен салыстырды. 

"Терминатор", "Қазіргі дене сымбатыңыз от екен", "Қаншама еңбек, қаншама тер" деген сурет қой", "Раймға толу керек сияқты", "Жездең ба?", "Райм жездең емес па?", "Жарайсыз, залда қанша уақыт жаттығу жасағанның нәтижесі керемет екен", "Мына формаңыз өзіңізге күшті жарасады екен", - деп жазуда көпшілік.

Серіктес жаңалықтары