IBO президенті Эд Левайн кәсіпқой бокшы Батыр Жүкембаевқа жоғары баға берді. Оның айтуынша, Батыр әлемдік бокс үздіктерімен жұдырықтасуға дайын. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
"Батыр Жүкембаев - болашағы бар боксшы, ол епті әрі жан-жақты әдіс қолданады. Ол тепе-теңдікті жақсы сақтайды, жылдам, соққылары ауыр. Ол әлемдік таланттармен тайталасуға дайын сияқты. Батыр отандасы Геннадий Головкин атын шығарған қазақтың жекпе-жектегі тектілігін жалғастырып келеді", - деп келтіреді Левайн сөзін IBO-ның ресми сайты. Еске салайық, ақпанда өткен соңғы жекпе-жегінде 25 жастағы Жүкембаев қарсыласын алғашқы раундта-ақ нокаутқа түсірген болатын.Головкиннің жолын жалғастыратын қазақ боксшысы кім?

Головкиннің жолын жалғастыратын қазақ боксшысы кім?