Алкогольді көп тұтынатын егде жастағы адамдардың қатерлі ісікке шалдығу қаупі жоғары болады – зерттеу

Әсіресе денсаулығында ақауы бар немесе әлеуметтік-экономикалық жағдайы төмен адамдарда бұл қауіп еселенеді.

Алкогольді көп тұтынатын егде жастағы адамдардың қатерлі ісікке шалдығу қаупі жоғары болады – зерттеу
сурет: istockphoto.com
1103

Ұлыбританияда жүргізілген зерттеу нәтижелерінде үнемі алкоголь ішетін егде адамдардың қатерлі ісікке шалдығу қаупі жоғары болады. Әсіресе денсаулығында ақауы бар немесе әлеуметтік-экономикалық жағдайы төмен адамдарда бұл қауіп еселенеді, деп жазды euronews.com.

JAMA Network Open журналында жарияланған зерттеуде денсаулығы сыр берген адамдар арасында тіпті қауіпсіз мөлшерде алкоголь ішкендер оны сирек тұтынатындарға қарағанда қатерлі ісіктен қайтыс болу ықтималдығы жоғары екені көрсетілген. Ал алкогольді орташа деңгейде тұтынатындарда қатерлі ісіктен ғана емес, жалпы өлім қаупі де жоғары.

Ғалымдар алкогольді сирек ішетіндерді зерттеу үшін салыстырмалы топ ретінде қолданған. Өйткені алкогольден мүлдем бас тартқандардың көпшілігі бұрын ішімдік ішкен және денсаулығында проблемалары бар адамдар болуы мүмкін.

Зерттеуде әлеуметтік-экономикалық жағдайы төмен аудандарда тұратын адамдарда да өлім қаупінің жоғары екені анықталған. Бұған олардың өмір салтының дұрыс болмауы және медициналық қызметтерге қол жетімділігінің шектеулі болуы әсер етуі мүмкін.

Серіктес жаңалықтары