«Былтырғы жылмен салыстырғанда вирус жұқтырғандар саны өсіп, қазір 14 мыңнан асқан. 524 адам қайтыс болған»,-делінген ДДҰ хабарламасында.
Вирус таралмас үшін денедегі бөртпені қасуға, қол тигізуге, киген киім, жатқан төсек-орын, қолданған сүлгілерді ұстауға болмайды. Вирустың алғашқы белгілері 5-21 күнде пайда болады. Температура көтеріліп, бас ауырып, арқа мен бұлшық ет ауырсынып, дене ісініп, қалтырайды. Бұл ауру вирусқа қарсы препараттармен емделеді. Дұрыс емделсе науқас бірнеше аптада айығады.