«Ырымшыл халықпыз»: Елдос Сметов Төреғали Төреәліге сыйлық берді (ВИДЕО)

Төреғали Төреәлі спортшы досына алғысын айтып, болашақта ұлдарының да чемпион болуын тіледі.

«Ырымшыл халықпыз»: Елдос Сметов Төреғали Төреәліге сыйлық берді (ВИДЕО)
скриншот
517

Танымал әнші Төреғали Төреәлі Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтың шаңырағында қонақта болып, ерекше сыйлық алды.

Өнер иесі болашақта өзі де чемпиондардың әкесі болуды армандайтынын айтты. Спортшы ырымдап, әнші досының ұлдарына өзі жаттыққанда киген киімдерін сыйлаған.

«Саған Алла разы болсын. Бір-бірімізге деген қолдауымыз ешқашан бітпесін. Ақыреттік достар болайық. Маған өзі тапсырма берген ғой. Өзім жаттыққанда киген, өзім терлеген киімдерімді ұлдарына сыйлағым келіп тұр. Қазақ ырымшыл халықпыз ғой», - деді Сметов.

Төреғали Төреәлі спортшы досына алғысын айтып, болашақта ұлдарының да чемпион болуын тіледі.

«Ұлдарыма жаттығуға киген киімдерін ырымдап беріп жатыр. Болашақта чемпиондардың әкесі болайын. Сіздер әумин деп қойыңыздар», - деп жазды әнші.

 

Серіктес жаңалықтары