сенбі, 5 сәуір, 2025

Алматы облысында ер адам таудағы өзенге батып кетті

/
Видеодан алынған кадр
Суға түсіп, сергігісі келген азаматты өзеннің қатты ағысы алып кеткен

Қаскелең шатқалында 63 жастағы ер адамды өзен ағызып алып кетті. Бұл туралы ҚР ТЖМ жедел-құтқару отряды хабарлады. 

«Жедел-құтқару отряды марқұмның денесін суға түскен жерінен 1 км қашықтықтан тапты. Денесі шығарылды. Полиция қызметкерлеріне табысталды», — делінген хабарламада. 

Мәлімет бойынша, Алматы облысы Қарасай ауданындағы Қаскелең шатқалында 1961 жылы туған азамат отбасы сондай-ақ достарымен бірге демалып жүрген. Суға түсіп, сергігісі келген азаматты өзеннің қатты ағысы алып кеткен. 

Бөлісу: