Париж Олимпиадасында қазақстандықтар қанша медаль жеңіп алды?

Жалғыз алтынды дзюдодан 60 келі салмақта үздік атанған Елдос Сметов иеленді

Париж Олимпиадасында қазақстандықтар қанша медаль жеңіп алды?
m.sports.ru
1033

Қазақстан құрамасы 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарын аяқтады.

Ұлттық құрама Олимпиада ойындарында жеті медаль жеңіп алды (1 алтын, 3 күміс, 3 қола). Жалғыз алтынды дзюдодан 60 келі салмақта үздік атанған Елдос Сметов иеленді.

Үш рет қазақстандықтар жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді. Гимнаст Нариман Құрбанов, грек-рим күресінен Демеу Жадыраев (77 келіге дейін) және боксшы Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін) Олимпиаданы күміспен аяқтады.

Ал Олимпиаданың қола жүлдегерлері бокстан Назым Қызайбай (50 ​​келіге дейін), мергендер Александра Ле мен Ислам Сәтбаев (аралас командалық жарыс) және дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев болды.

Сондай-ақ Олимпиаданың соңғы күнінде өткен жұбаныш белдесуінде қазақстандық еркін күрес балуаны Әлішер Ерғали ирандық Амирали Азарпираға есе жіберіп, қола жүлдеге таласу мүмкіндігінен айырылды.

Серіктес жаңалықтары