Бүгін тамыз айында өтетін ҰБТ басталды

Талапкерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алады

Бүгін тамыз айында өтетін ҰБТ басталды
istockphoto.com
508

Бүгін тамыз ҰБТ-сы басталды, ол 15 тамызға дейін жалғасады. Тестілеуге қатысу үшін 21 мыңнан астам өтініш қабылданды. 

ҰБТ-ға қатысушылардың 66%-ға жуығы қазақ тілінде, 34%-ы орыс тілінде, 69 адам ағылшын тілінде тест тапсыруға ниет білдірді.

ҰБТ-ны өткізудің бірінші күні 5,7 мың адам емтихан тапсырады.

Тамыздағы ҰБТ белгіленген шекті балл жинай алмаған, бейінді пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар, ҰБТ нәтижелері жойылған талапкерлердің тестілеуден қайта өтіп, жоо-ға ақылы негізде түсу мүмкіндігі болуы үшін өткізіледі. Тіркелу кезінде тестіленушілер емтихан өткізілетін пунктті, күнді және уақытты өздері таңдады.

Талапкерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алады. Сертификат апелляция туралы шешім қабылданғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

Серіктес жаңалықтары