Алматыда алғаш рет жансыз саусақтарға ота жасалды

Алматыда алғаш рет жансыз саусақтарға ота жасалды

Алматыда алғаш рет жансыз саусақтарға ота жасалды
ашық дереккөзі
297

Алматы қаласында алғаш рет жансызданған саусақтарға ота жасалды, – деп хабарлады «Жетінші арна». Мұндай операцияны ресейлік хирургтар жасады. Жетінші арна тілшілерінің мәліметіне сүйенсек, талмыш операция түрлі қатты соққыдан сүйектері ұсақталып, қисайып немесе буыны зақымданған бармақтарды қалпына келтіруге көмектеседі. Ресей хирургтері жасаған аталмыш ота Алматы қаласындағы №4 клиникалық ауруханада жүзеге асты. Көрші елден келген медицина мамандары қазақстандық хирургтерге саусаққа жасалатын операцияны үйрету үшін тәжірибе жасапты. Сондай-ақ, ресейлік хирургтер өмір бойы сал боп қалған адамдарға өз бетінше қимылдайтын денені ауыстыру мәселесін ғылыми түрде зерттеп жатқандықтарын да жеткізді. Басты ауыстыруға қатысты операция жасау туралы да өз піеірлерін ортаға салды. «Басты ауыстыру қазір маңызды мәселелердің бірі болып тұр. Бұған ғылыми қызығушылық басым, оны тәжірибе барысында қалай жүзеге асатынын елестету қиын. Қазір ми жұлынын қалпына келтіру процесін меңгеру керек. Сонда бас пен дененің қызметі бірге қызмет атқарады», – деді профессор Игорь Голубев.

Серіктес жаңалықтары