Бұрынғы Төтенше жағдайлар вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев сотталды

Сондай-ақ сот мемлекет басшысының атына Ибрагим Күлшімбаевты генерал-майор әскери атағынан айыру туралы ұсыныс енгізуге қаулы етті.

Бұрынғы Төтенше жағдайлар вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев сотталды
Ибрагим Күлшімбаев. Фото: primeminister.kz
1048

Ақмола гарнизонының әскери соты бұрынғы Төтенше жағдайлар бірінші вице-министріне үкім шығарды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі мәлімдеді.

Ибрагим Күлшімбаев 5 жылға сотталды.

«Ол жеке үйін салу үшін әскери қызметшілер мен арнайы техниканы тарту туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволық бағынысты мекемелерінің басшылығына заңсыз нұсқаулар беру арқылы билікті асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды», - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ сот мемлекет басшысының атына Ибрагим Күлшімбаевты генерал-майор әскери атағынан айыру туралы ұсыныс енгізуге қаулы етті.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары