Ақтөбедегі жол апаты: тағы 2 оқушының көз жұмғаны белгілі болды

Апат салдарынан 8 адам мерт болды, оның бесеуі – бала.

Ақтөбедегі жол апаты: тағы 2 оқушының көз жұмғаны белгілі болды
скриншот
436

Ақтөбе облысы Самара-Шымкент автожолында жүк көлігімен соғысқан Toyota Ipsum автокөлігінің салонынан тағы 2 баланың денесі шығарылды.

Апат салдарынан 8 адам мерт болды, оның бесеуі – бала. Жол-көлік оқиғасы болған жерде тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.

«Әйтеке би ауданы Құмқұдық ауылындағы мектепте оқитын оқушылар жеке қайырымдылық қор ұйымдастырған футбол турниріне қатысу үшін Маңғыстау облысына жолға шыққан. Бұл турнир Білім немесе Спорт басқармасының кестесінде жоқ. Алайда ата-аналар сенімхат жазып берген. Соның негізінде және кейбір ата-аналар балаларының қасында, жаттықтырушысымен бірге полицияның сүйемелдеуінсіз сапарға аттанған. Яғни, балаларды тасымалдау ережесі сақталмаған.

Ең алдымен қаза болған балалардың ата-аналарына, тума-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз», - деп мәлімдеді ПД.

Серіктес жаңалықтары