Балуан Нұрсұлтан Тұрсынов Олимпиаданың алғашқы айналымында айқын басымдықпен жеңіске жетті

Нұрсұлтан Тұрсынов – Азия чемпионы

Балуан Нұрсұлтан Тұрсынов Олимпиаданың алғашқы айналымында айқын басымдықпен жеңіске жетті
olympic.kz
922

Грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Нұрсұлтан Тұрсынов Париж Олимпиадасының алғашқы айналымында жеңіске жетіп, ширек финалға шықты.

87 келіде белдесетін отандасымыз алғашқы кездесуінде Египет балуаны Мохамед Метваллиді 10:1 есебімен жеңді. Енді ол ширек финалда Олимпиада чемпионы, украиналық Жан Беленюкпен күреседі.

Нұрсұлтан Тұрсынов – Азия чемпионы. 2020 жылы Токио Олимпиадасына қатысқан.

Еске сала кетейік, бүгін 77 келіде белдесетін Демеу Жадыраев Олимпиада алтыны үшін таласады.

Серіктес жаңалықтары