Екібастұзда бесінші қабаттан 3 жастағы бала құлап кетті

Зардап шеккен бала Екібастұз қалалық ауруханасында дәрігерлердің бақылауында, ауыр жағдайда жатыр.

Екібастұзда бесінші қабаттан 3 жастағы бала құлап кетті
istockphoto.com
396

Үш жастағы ер бала ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады turkystan.kz сайты Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, 5 тамызда 17:07-де биіктен құлау туралы хабарлама түсті. 

– 2021 жылы туған ер бала үйдің бесінші қабатынан құлады. Медициналық бригада үш минутта жетті, – деді станцияда. 

Зардап шеккен бала Екібастұз қалалық ауруханасында дәрігерлердің бақылауында, ауыр жағдайда жатыр. 

Серіктес жаңалықтары