Грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Демеу Жадыраев Олимпиаданың ширек финалына шықты.
77 келіде белдесетін балуан 1/8 финалда Колумбия атлеті Алексис Муньосты мерзімінен бұрын жеңіп, келесі айналымға шықты.
Отандасымыз ширек финалда қырғыз балуаны, Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Ақжол Махмұдовпен күреседі.