Астана мен Алматыда 3 ірі есірткі зертханасы табылды

Аталған қылмыстар жасады деген күдік бойынша Қазақстанның 8 азаматы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

Астана мен Алматыда 3 ірі есірткі зертханасы табылды
ҰҚК
372

Шілде айында Астана және Алматы қалаларында Ұлттық қауіпсіздік комитеті полициямен өзара әрекетте және прокуратура органдарының үйлестіруімен 3 ірі есірткі зертханасының әрекетін жойды.

Аталған қылмыстар жасады деген күдік бойынша Қазақстанның 8 азаматы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

Тінту барысында 93 кг-нан астам синтетикалық есірткі, кристалдану сатысындағы 70 литр мефедрон, сондай-ақ 255 кг прекурсор мен зертханалық жабдықтар алынды.

 «Қара» нарықта тәркіленген есірткінің құны 2 млрд теңгеден артықты құрауы мүмкін.

Қылмыстық Кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары