491
Статистика: Қазақстан халқының саны өсті
Бұған дейін 1 маусымда Қазақстанда 20 139 914 адам тұрғаны хабарланған болатын.
1 шілдедегі мәлімет бойынша, Қазақстанда 20 159 707 адам өмір сүреді, халық санының жалпы өсімі 126 мың адамға көбейген. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.
Ақпаратқа сүйенсек, 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша халық саны 20 159 707 адамды құрады, оның ішінде:
- қала тұрғындары – 12 573 637 адам,
- ауыл тұрғындары – 7 586 070 адам.
«Жарты жылдың ішінде халық саны 125 867 адамға артты, оның ішінде табиғи өсім есебінен 118 579 адамға, көші-қон есебінен 7289 адамға өсті», - делінген хабарламада.
Халық санының ең жоғары өсу қарқыны Астана мен Шымкент қалаларында, тиісінше 2,93% бен 1,38%, сондай-ақ Алматы қаласында тіркелді – 1,33%.
Бұған дейін 1 маусымда Қазақстанда 20 139 914 адам тұрғаны хабарланған болатын.