Түркістан облысында суға батқан қызды іздеу жұмыстары аяқталды.
Марқұм оқиға орнынан 500 метр жерде, ағыстың төменгі жағынан табылды.
Еске салсақ, 28 шілдеде сағат 10:41-де Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметіне 16 жастағы жасөспірімнің «Сайрам-Өгем» аумағы Қасқасу ауылынан 15 км қашықтықта Сайрам-су таулы өзеніне батып кеткені жайлы ақпарат түскен. Жас қыз фотосессия жасап жүріп, абайсызда жығылып қалған.