1096
"Біз үшеуміз!": Олимпиадаға құрсағында 7 айлық сәбиі бар спортшы әйел қатысқан
Нада Хафез – семсерлесуден Египет ұлттық құрамасының белді мүшесі.
Египеттік семсерлесуші, құрсағында 7 айлық сәбиі бар спортшы Нада Хафез Олимпиада ойындарына қатысқан, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Құрсағында 7 айлық сәбиі бар Олимпиадашы! Негізінде жарыс алаңында біз үшеу болдық! Мен, менің қарсыласым және өмірге әлі келмеген менің сәбиім!», – деп жазды спортшы.
Нада Хафез Олимпиаданың 1/8 финалына дейін жетті. Келесі айналымда ол Оңтүстік Корея өкілі Чон Хаюнгке 7:15 есебімен жеңіліп қалды.