Париж Олимпиадасы: Қазақстандық дзюдошылардың жарыс кестесі анықталды

Париж Олимпиадасы: Қазақстандық дзюдошылардың жарыс кестесі анықталды
ҰОК
664

Қазақстандық дзюдошылардың 2024 жылғы Париж Олимпиадасындағы жарыс кестесі белгілі болды.

Олимпиадада жарысты 27 шілдеде Абиба Абужақынова (48 келі) мен Елдос Сметов (60 келі) бастайды. Одан кейін 28 шілдеде Ғұсман Қырғызбаев (66 келі), 29 шілдеде Данияр Шамшаев (73 келі), 30 шілдеде Абылайхан Жұбаназар (81 келі) мен Эсмигүл Куюлова (63 келі) жалғастырады. 

Ал 1 тамызда Нұрлыхан Шархан (100 келі), 2 тамызда Камила Берліқаш (78 келі) татамиге шықса, 3 тамызда аралас командалық жарыс болады. 

Серіктес жаңалықтары