488
Ертіс өзенінен 51 жастағы тұрғынның денесі шығарылды
1973 жылы туған ер адам шомылуға тыйым салынған жерде суға түскен және куәгерлердің айтуы бойынша ол мас болған.
Құтқарушылар суға батып кеткен павлодарлықтың денесін тапты, деп хабарлады turkystan.kz.
ТЖД мәліметінше, қайғылы оқиға 20 шілдеде болған. 1973 жылы туған ер адам шомылуға тыйым салынған жерде суға түскен және куәгерлердің айтуы бойынша ол мас болған.
Іздестіру жұмысына ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары дереу қосылды. Сүңгуір-құтқарушылар күн сайын екі жүзу құралдарында жұмыс істеді. Сонымен қатар Ертіс өзенінің түбін эхолот көмегімен сканерлеу жүргізілді.
24 шілдеде суға батқан адамның денесі оқиға орнынан 20 шақырым жерден, төменгі ағысы маңайынан табылды. Құтқарушылардың жұмысын су астындағы қатты ағын мен нөлдік көріну жағдайы қиындатты.