МӘДЕНИЕТТІҢ ЕЛШІСІ

Бүгінгі таңда Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымын басқарып отырған қоғам қайраткері, өнер саласында өзіндік биікті бағындырған, үлкен лауазымды қызметтердің басында болған, шебер ұйымдастырушы, көрнекті тұлға Дүйсен Қорабайұлы Қасейінов туралы осы кезге дейін бірталай сөз айтылып, мақалаға, сұхбатқа, пікірлерге арқау болған еді.

Ол кісі жөнінде журналистер, зерттеушілер қалам тербеп өмірі, шығармашылығы, атқарған қызметі төңірегінде жазып, қазақ баспа сөзінің бетінде жария етті де… Осынау қиындығы мен қызығы қатар жүретін өмір керуенінде Дүйсен Қорабайұлының басқан іздері ешқашан көмескі тартпаған екен. Қайда жүрсе де, қандай міндет атқарса да оның бойындағы жауапкершілік, шөгелдік нені болсада тыңғылықты, тиянақты атқарумен танымал. Кезіндегі қоғамдық пікірдің қорытындысына қарасақ, ол «шаршауды білмейтін ректор», «қаймығуды білмейтін қайсар министр», «қалжырауды білмейтін төраға» деген атақтарға ие болған екен. Міне, мұның бәрі жайдан жай айтыла салған сөз емес екені белгілі.

Бүгінгідей биік мәртебе, үлкен атақ-абыройға талантымен, ізденгіш іскерлігімен, сенімді сергек мінезімен жеткені даусыз. Білім, талант әркімде болуы мүмкін, бірақ оны іске қосу, кәдеге жарату екінің бірінің қолынан келмесі ақиқат. Оның бір жазылып қойған формуласы да жоқ. Түйсік, тәжірибе, жігер, сенім, Отанға, мемлекетке адалдық бар жерде саналы жан иесі ретінде икемге келтіретінін бұл кісінің өміріне үңілсек, көре аламыз.

Қазақта «Қасқа айғырдан кемінде төбел құлын туады» дейтін тәмсіл бар. Дүйсен Қасейіновтің бойындағы өнер, қайраткерлік қасиеттер нағашы жұрты мен ата тегінен алыс емес. Анасы өнерлі, ісмер, дәстүріміз бен құндылықтарымыздың бағасын білетін адам еді. Әкесі Қорабай отызыншы жылдарда Ташкенттегі артиллеристер училищесін бітіреді. Соғыс бастала сала әскери маман ретінде шайқастың ең бір отты нүктелерінде, немістер тізе бүккен соңғы сағаттарға дейін майдан даласында жан алып жан беріскен қиянкескі соғыстың ортасында өтеді. Соғыс аяқталғаннан кейін мемлекеттік арнайы тапсырмалармен Кеңестер Одағының аумағында сарбаз Қорабайдың барып қызмет етпеген жері кемде кем. Сол көшпенді тірлік, жортуылды өмірдің тағы  бір баспалдағында, Алтай аймағы тұсына қызметке келгенде 1947 жылы Бийск қаласында Дүйсен өмірге келеді. Онан арыда отбасымен Ресей жерінде болып, 1953 жылы алты жасында Қазақстан топырағына табаны тиеді. Елге келген соң бабаларының мекеніне ат басын бұрған әулет Қарағандыға ірге тебеді.

Он жылдықты отбасында, қарашаңырақ ордасында жүріп бітіріп, 1965 жылы Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияға оқуға түсіп, скрипка мамандығын алып шығады. Оқу-білім сапары онан ары Мәскеудегі аспирантурада жалғасып, кәсіптік шеберлігін шыңдап, өнерін ұштайды. Әр түрлі халықаралық өнер байқауларына қатынаса жүріп, жүректі жігіт, жүлделі шабандоз болып омырауы медальға, құшағы гүлге толды. Барған жерінен жаңа достар тауып, талантты тағдырлармен серіктес бола алды. Студенттік шақ, білім жолындағы жанкешті жаттығулар Дүйсенді ортасынан оқ бойы озып шыққан түлекке айналдырды.

Дүйсен Қорабайұлы 60 жасқа толғанда Мемлекеттік сыйлықтың иегері, өнертанушы, қаламгер Әшірбек Сығай сол бір күндерді есіне алып, былай деп еді: «Дүйсен Қасейіновпен сол студенттік жылдарда етене танысқан едік. Елгезек те елпілдеген, дос көңілін қалдырмас, әзіл- қалжың десе жанып кетер жинақы да көркем осынау бір жас жігітсіз кіл таланттар жатақханасының сәні кірмесі нағыз шындықтын. Сүйікті аспабын қолтығына қысып, қашан көрсең де дайындық бөлмелеріне еніп, не болмаса шығып келе жатқан, қашанда езуінен күлкісі кетпей көңілді жүрер сұңғақ бойлы, ақбоз өңді, шымқай қара мұртты бегзат болмысына риясыз жараса түсер Дүйсенді көрер едік. Қарапайымдылық, кішіпейілділік бала кезгі қасиеттері болатын», – деп  жазады. Дәл осы естеліктің астарына үңілсек, жігітке тән бар болмысымен өз ортасының гүлі бола білген өнерлі студенттің суреті көз алдымызға келеді. Одан ары жәй ырду-дырдумен уақыт өткізетін сері емес, қайта білім жолында тынбай ізденетін, ширақ қимылдайтын қағылез шәкіртті алға тартады. Байыбын барласаңыз қарапайым да кішпейілдік оның ішкі мәдениеті екенін аңғарамыз. Міне, жазушы Әшірбек аға аз сөзбен көп нәрсені экрандай елестетеді. Сол бір жас шағынан бастап, фундаментіне тура қаланған қабырға барған сайын көтеріле береді… Өсе келе ұлтқа қорған, елге тірек болып, мемлекетіміздің ішкі-сыртқы жұмыстарына білек сыбана кіріскен азаматтық айбынға айналады. Өнер жолында, қызмет бабында әлемнің сексеннен астам елінде ізі қалған Дүйсен Қасейіновтің мәртебесі барған сайын өсіп, беделі биіктеді.

Дүйсен Қасейіновтің қызмет жолын сөз етер болсақ, ұзақ хикая… Бір ғажабы барған жерінде жұмыстың өнімін арттырып, өрге сүйреумен ғана аты шығыпты. Оған оның ішкі мүмкіндігі, қабілет-қарымы, өмірлік тәжірибесі толық жетіп отырған екен. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, Қазақстан Республикасының ТМД елдерімен гуманитарлық байланыс жүргізу ісінің арнайы өкілі, Қазақстан Республикасы ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі бас хатшысы міндеттерін мүлтіксіз атқарды. Осы жұмыстарды орындап жүрген Дүйсен Қорабайұлынан журналистер «Осыншалық шаруаны ақсатпай ада етудің мәні не?» деп сұрағанда, ол: «Кісінің іскерлігі креслоға ғана байланысты емес. Араласу, қатынасу, бірігу арқылы көп мәселелерді шешуге болады», – депті қашанғы сабырлы қалпымен. Өздеріңіз көріп отырғандай, ол қарым-қатынас, сыйластық, тіл табысуды алға тартады. Яғни, адамдық байланыстар мен диалогқа қатты мән беретінін көруге болады.

Дүйсен Қасейіновтің ортаға, адамдарға, соның ішінде достарына айрықша көңіл аударатынын оның 50 жасқа толған кезіндегі «Қасейінов және оның достары» атты мерейтойлық бағдарламасынан, 60 жасқа толғандағы «Бар байлығым – достарым» жалауымен орындалған шығармашылық кештер нағыз кәсіби саз әлемінің барлық шарттарын бейнелеген өнер фестивальдері болып еді.

Дүйсен Қасейінов тоқсаныншы жылдардың басында Құрманғазы атындағы консерваторияның ректоры болып он жыл бойы өнімді еңбек етті. Сол тұстағы қиын жағдайдың белең алуына қарамастан өнердің мерейін асыру жолында  бар күшін салды. Шәкірттерді жан-жаққа оқуға жіберіп, озық білім алуға қолайлы жағдай жасап берді. Қазақстанның мәдениет министрі болып тұрған кезінде де тынымсыз жоғары мен төменге, жер шарының арғы беті мен бергі бетіне жол салып, ат терлетіп жүріп, ұлттық өнерімізбен әлемдік классиканың байланысын арттыра түсті. Сол кезде берген бір сұхбатта «Біз өркениет әлеміне бір қолымызға домбыра, бір қолымызға скрипка ұстап кіреміз» деген болатын. Демек, дүбірлі дүниенің тынысына назар аударып, батыстың бағзы өнеріне, озық мәдениетіне ден қоюға тиіспіз дегенді алға тартады. Бұл сөзді көп жыл бұрын айтса да, шындық солай екені дәлелденуде.

Дүйсен Қасейіновтің дәл қазіргі атқарып жатқан қызметі 1993 жылы құрылған халық­аралық ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы. Әлемде түркі халықтарының тек Түркия Республикасы ғана болса, 1991 жылдан кейін Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, Түркіменстан, Әзірбайжан республикалары тәуелсіздігін алып, алты мемлекеттің туы желбіреді. Міне, осындай орайлы кезеңде түркінің ортақ үнін, түбірлі мақсаттарын іске асыру, бірлік-ынтымақтың, барыс-келістің қадамын тездетіп, елдіктің ұйытқысын күшейту үшін ақылдаса келе ТҮРКСОЙ-ды құру туралы бір байламға келген болатын. Алғашында Әзірбайжан жағы басшылық еткен ұйымға осыдан сегіз жыл бұрын Дүйсен Қасейінов сайланып, жұмысын бастады. Халықаралық ұйымға тәуелсіз алты республикадан өзге Ресей Федерациясының құрамындағы түркі халықтарының елдері – Татарстан, Башқұрт­­стан, Алтай Республикасы, Саха Республикасы, тағы басқа автономиялық республикалар мүше. Жалпы саны 14 мемлекеттен тұрады. Аталған ауқымды ұйым бұл күндері беделі артып «Түркі халықтарының ЮНЕСКОСЫ» деңгейіне көтерілді. Ол ұйым өзара «Ықпалдастық, ынтымақтастық әлемді құтқарады!» деген ұранның астында мәдениетімізді сақтауға, қорғауға, дамытуға күш салып, түсіністік пен ортақ ымыраға үлес қосуда. Түркі халақтары арасында өзімізді-өзіміз тану, тізе қосқан сыйластық жолға қойылса, әлемде батыс пен шығысқа дәнекер, алтын көпірлік міндетті иығына алып отыр.

Дүйсен Қасейінов жауапкершілігі аса жоғары мұндай ұйымға кездейсоқ келген кісі емес. Ол үлкен оқу орнына ректор болып жүргенінде, мәдениет министрі болып қызмет атқарған кездерінде ТҮРКСОЙ-дың жасап жатқан жұмыстарымен тығыз қарым-қатынаста болып отырған еді. Қазақстан жағынан сол кездің өзінде қоян-қолтық араласып, белсенді қимылдарымен көзге түскен басшы болатын. Саяси депломатия, сыртқы істердің өте нәзік жұмыстары өз алдына болса, мәдениет арқылы, өнер арқылы қызмет ету мүлде басқа орбита деуге болады.  Өнер, мәдениет – жүректің тілі. Кітап, ән, музыка, дыбыс, қойылым, салт-дәстүр дегендер адамдарды адамдарға араластырады, мәдениетті мәдениетпен тоғыстырады… Осы жағынан алғанда музыканың маманы, өнердің майталманы, мәдениеттің білгірі, іскер басшы  Дүйсен Қасейінов бап келген тұлға ретінде таңдалды. Сондықтан ол кісінің кандидатурасына ешбір қарсылық болмады, тіпті, халықаралық үйлестіруші ретінде қарсы алынды.

Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, «Алаш» сыйлығының лауреаты, ҚЖО жанындағы Ұйғыр әдебиеті кеңесінің төрағасы Ахметжан Ашири былай деді: «Мен сонау ертеден, Дүйсен Қасейіновтің студент кезінен бастап жақсы білемін. Кейін қоғамда әрқайсымыз әр салада жүрсек те бір терінің пұшпағын иледік. Олар музыка өнерінде болса, біз жазушылық жағынан бірлесе келе, бәрібір мәдениетті қаузадық. Ректор кезіндегі шәкірт тәрбиелеуге қаншалықты ден қойғанын, министр кезінде мәдени мұра бағдарламасын жолға қойып, ұлттардың асыл құндылықтарын жинап теріп, топтастырғанын жақсы білемін. Бастысы сенімді мемлекетшіл азамат. Ол Президентіміздің саясатын өте жақсы түсінген кісі. Елбасының ұтымды ойларын іске асыру жолында жанқиярлық танытып, жақсы жағынан көрінген алқаулы тұлға. Өнерді, ән-күйімізді насихаттаудан бөлек Түркиядан шығатын «Кардаш қаламлар» журналы, «Бенгу» баспаларымен бірлесе отырып ондаған қазақстандық қаламгерлердің шығармаларын түрік тілінде жарыққа шығарды. Түркиядағы Қазақстанның елшілігінің қолдауымен мықты жазушыларымыз бен ақындарымыздың еңбектерін түрік тіліне аудартып, түрік жазушыларын қазақ тіліне аудартып бастырды. Ол ең әуелі қазақ, сонсоң түркілік рухты бойына сіңірген жан. Онан ары «Адамзаттың бәрін бауырым деп сүйген» гуманист!.. Сондай шараларда туысқан ұйғыр халқын да еш ұмытпай театрымызды, әдебиетімізді қолдап отырады. Айталық Акрам Ахметов деген жазушымыздың «Махмұт Қашқари» пьесасы ТҮРКСОЙ тарапынан Махмұт Қашқари атындағы сыйлығын жеңіп алды. Менің «Идиқұт» пьесам және «Идиқұт» романым екі кітап болып сол елде жарық көрді. Ұйғырдың көрнекті жазушысы, қоғам қайраткері Зия Самадидің 100 жылдығын ТҮРКСОЙ аясында Анкара, Ниғде қаларында өткізіп берді. Біздің ұйғыр театрының академиялық статус алуына да бұл кісінің ықпалы зор болғанын айта кетуім керек. Жалпы туысқан түркі халықтарының ине-сабақ жібіне дейін қадағалап қарап отырған қамқор азамат. Кеше ғана ініміз болып жүгіріп жүрген Дүйсен де 70 жасқа келіп қалған екен… Қызметіне табыс, деніне саулық тілеймін! Абзал бауырымыз Ел тәуелсіздігі жолында еселі еңбектерімен түркінің тура жолдағы көшін бастай берсін!»

Иә, бұл сөзде титтей жалғандық жоқ. Осы айтқандарымыз Дүйсен Қасейіновтің теңіз ауқымындай жұмыстарының бір тамшысы ғана. Қазақстанның халықаралық  беделі мен абыройы осындай кемелді кісілердің, көшелі ағалардың риясыз қызметінің нәтижесі деуге болады.

 

Дәулетбек Байтұрсынұлы,

ақын,

 Түркі дүниесі ақындары

жыр мүшәйраларының жүлдегері

Редакция таңдауы

Анастасия Решетникова: «Москва қазақша» жобасы біздің өмірімізді өзгертті

Әлеуметтік желілерде Мәс­кеу көшелерінің бі­рін­­де жүріп, орыс жазушы­ла­ры­ның өмірін қазақ тілінде си­паттаған мәскеулік екі қыз­дың видеосы көпшілікті таң­ғалдырған болатын. Осыдан кейін «қазақша акценті бар...

Ұлағат

Елімізге белгілі қоғам қайраткері, ғалым, эколог деңгейіне кө­теріл­ген Мұсағали Дуамбековтің қалыптасу жолындағы өмір­дерегіне тоқ­талсақ. Жамбыл облысының Қаратау қаласында дүниеге келген Мұсекең жас­тайынан алғыр, зерек...

Жамбыл және Сапарғали Бегалин

Жәкеңнің өскен ортасы, ата-ба­ба­сы­нан келе жатқан дәстүрі, өзінің өмір жолы нақты деректер мен естеліктер ар­қы­лы қызықты суреттеледі. Кітап шы­найы­лығымен да тартымды», – деп анық-қа­нық...

Шамалған тұрғындарының шағымы бар…

Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауы­лын­дағы 1976 жылы салынған 4 қабатты үйдің әбден тозығы жеткен. Жауын-шашын күндері төбесінен су сорғалап, үйдің электр жүйесі істен...
black and red kyobi arts cool presentation 5 1

Анастасия Решетникова: «Москва қазақша» жобасы біздің өмірімізді өзгертті

Әлеуметтік желілерде Мәс­кеу көшелерінің бі­рін­­де жүріп, орыс жазушы­ла­ры­ның өмірін қазақ тілінде си­паттаған...
whatsapp image 2021 04 20 at 13.30.39

Ұлағат

Елімізге белгілі қоғам қайраткері, ғалым, эколог деңгейіне кө­теріл­ген Мұсағали Дуамбековтің қалыптасу жолындағы...
mycollages 4

Жамбыл және Сапарғали Бегалин

Жәкеңнің өскен ортасы, ата-ба­ба­сы­нан келе жатқан дәстүрі, өзінің өмір жолы нақты деректер...

Жаңалықтар

Ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Қазгидромет мамандарының болжамына сүйенсек алдағы бірнеше күн еліміздің 8 бірдей өңірінде ауа райы күр өзгереді. 23-25 сәуірде...

Қазақстан мен Ресейде өндірілген «Спутник V» вакцинасының айырмашылығы қандай?

Денсаулық сақтау министрлігі Халықты иммундау жөніндегі ұлттық консультативтік комиссиясының мүшесі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Жаннат Сатыбалдиева Қазақстанда шығарылған «Спутник V» вакцинасының сапасына күмәндануға еш...

Үржар әуежайы жабылады: Алакөлге қатынайтын пойыз және автобус саны арта ма?

Шығыс Қазақстан облысында Алакөлге баратын туристер үшін теміржол және автобус рейстерінің саны арттырады. 1 мамырдан бастап Үржар әуежайының ұшу-қону жолағын реконструкциялау жұмысын жүргізу мақсатында жабылады....

Miras қоғамдық кеңесі бас қосты

«Nur Otan» партиясы Орталық аппаратында Miras республикалық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Басқосуда қазіргі отандық кинематография саласындағы өзекті мәселелері талқыланды. Кеңес барысында «Nur Otan»...

Атышулы Q-рор тобының мүшелері есірткі сатты деген күдікпен ұсталды

Алматыда танымал Q-рор тобының мүшелері есірткі заттарын жасап, сатты деген күдікпен ұсталды. Полицейлер 21-30 жас аралығындағы 10 адамды ұстаған. Топты басқарған – 1994 жылы туған...

«Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау 4 мамырдан басталады

«Болашақ» бағдарламасы бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау 4 мамыр күні басталып, 28 қазанға дейін жалғасады. Білім және ғылым министрінің орынбасары Мирас Дәуленовтың мәліметінше, стипендиялар үш...

Ескендір Хасанғалиев пен жұбайы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері, әнші Ескендір Хасанғалиев пен жұбайы Дарико Хасанғалиева коронавирус жұқтырып, жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы Sputnik.kz хабарлады. Жайсыз хабар туралы өнер иесінің...

Nur Otan: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссия жұмысы тиімсіз

Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін айтарлықтай қаражат бөлінгеніне қарамастан, жекелеген елдімекендерде адамдар әлі күнге дейін суды тасып ішуге мәжбүр. «Nur Otan» партиясындағы...

Жаңадан құрылған Сауран ауданының әкімі тағайындалды

Ғани Рысбеков жаңадан құрылған Түркістан облысы Сауран ауданының әкімі болып тағайындалды. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Сауран ауданының активіне жаңа әкімді таныстырды. «Өздеріңізге белгілі, 2018 жылы...

Анастасия Решетникова: «Москва қазақша» жобасы біздің өмірімізді өзгертті

Әлеуметтік желілерде Мәс­кеу көшелерінің бі­рін­­де жүріп, орыс жазушы­ла­ры­ның өмірін қазақ тілінде си­паттаған мәскеулік екі қыз­дың видеосы көпшілікті таң­ғалдырған болатын. Осыдан кейін «қазақша акценті бар...

Президенттің Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзі

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзі Ақорданың ресми сайтында жарияланды. Құрметті кеңеске қатысушылар! Биыл – Егемен ел болғанымызға 30...

«Ахыс­ка» – ағайынға алтын көпір

Қазақстан және онда тұратын барлық этностың тыныс-тіршілігі әлемдік қауымдастықтың көз алдында. Қай елде болмасын, өмір сүріп жатқан әрбір этнос өкілдерінің рухани және мәдени өмірінде...

Ынтымақты елдің баласы бақытты

Биыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлап жатырмыз. Қазақстанды мекендеген ұлттар мен ұлыстардың береке-бірлігі, татулығының арқасында шаңырағымыз шай­қалмай, отыз жыл бойы елімізде ұшан-теңіз игі істер...

Ұлағат

Елімізге белгілі қоғам қайраткері, ғалым, эколог деңгейіне кө­теріл­ген Мұсағали Дуамбековтің қалыптасу жолындағы өмір­дерегіне тоқ­талсақ. Жамбыл облысының Қаратау қаласында дүниеге келген Мұсекең жас­тайынан алғыр, зерек...

Жамбыл және Сапарғали Бегалин

Жәкеңнің өскен ортасы, ата-ба­ба­сы­нан келе жатқан дәстүрі, өзінің өмір жолы нақты деректер мен естеліктер ар­қы­лы қызықты суреттеледі. Кітап шы­найы­лығымен да тартымды», – деп анық-қа­нық...

Шамалған тұрғындарының шағымы бар…

Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауы­лын­дағы 1976 жылы салынған 4 қабатты үйдің әбден тозығы жеткен. Жауын-шашын күндері төбесінен су сорғалап, үйдің электр жүйесі істен...

«Бұл айда төрт түрлі қасиетті көбейтіңдер…»

Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алла­ның салауаты мен сәлемі болсын) мұсылман үмбетін қасиетті Рамазан айында ораза ұстауға шақырып, бере­келі айда жасалған әрбір ізгі амалдың сауабы...

Атырау облысында 55 мың адам жұмыстан босайды – Қ.Тоқаев

Алдағы үш жылда Атырау облысында 55 мың адам жұмыстан босайды. Бұл туралы Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. «Қазіргі...

Дерт пе, әлде не?

Адамзат тарихында жыныс ауыстыру операциясы алғаш рет 1926 жылы Берлин қаласындағы Жыныстық зерттеулер институтында жасалды. ХХ ға­сыр­дың басында өзінің жынысына көңілі толмайтындарға шизофрения диагнозы...

Тағдырым, саған не істейін?

Ерте көктемде тулап ағатын келте өзендер болады. Қара жер­дің бетіне тебіндеп көк шыға бастағанда, тебіреніп тасыған өзен­нің асау толқындары жеткен жері­нің бәрін де суға...

Телеарна рейтингі талғам таразысы ма?

Коронавирус пандемиясына байланысты жария­лан­ған карантин шектеулері телеаудитория ау­қымын ұлғайтты. Бұл құбылыс әлем елдерімен қатар Қа­зақстанда да байқалып отыр. Карантин шектеулері жұртшылықты үйде отыруға, ірі...

Нұрымбет САҚТАҒАНОВ: Абай Семей мен Жидебай арасында жүріп-ақ «Абай» болған

Семей – еліміздегі тарихи маңызы ерекше қаланың бірі. Өткен ғасырдың басында Алаш көсемдері осы шаһарда бас қосып, келелі кеңестер өткізгендіктен сол кезде зиялылар шо­ғырының...

Алматыда көлік кеңесі құрылады

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жол қауіпсіздігі мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді. Сарапшылар қауымдастығы және белсенді қалалық қауымдастық өкілдерінің қатысуымен өткен кездесуде жол-көлік инфрақұрылымын жаңарту, бірыңғай...

Ине ұшындағы иммунитет

Былтыр қарашада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемия әлем халқының шамамен 70 пайызы вирусқа қарсы вакцина алған кезде аяқталуы мүмкін екенін мәлімдеген болатын. Елімізде вирусқа...

Түркістанның құрылғанына 3000 жыл толды

Түркістанның құрылғанына 3000 жыл толды дегеніміз – мақтаныш үшін айтыла салған сөз емес, тарихи шындық! Осы жылдың 20-22 наурызында Түркістан қаласында өткен ме­диа фо­рум­да тарих...

Президент еліміздің батыс өңірін сенімді электр желісімен қамтуды тапсырды

Еліміздің батыс өңірі сенімді электр желісімен қамтылуы тиіс. Бұл туралы бүгін Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. «Бесінші –...

Мемлекет басшысы көлік қозғалысын басқару мәселесіне тоқталды

Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің өңірлерінде көлік қозғалысын басқарудың бірыңғай орталықтары құру туралы тапсырма берді. «Қалалар ішіндегі автомобиль ағындарын...

 Мархабат Байғұт: қоғамдық кеңестер мол жауапкершілік жүктейді

 «Nur Otan» партиясы орталық аппаратының кестесіне сәйкес, партияның Түркістан облыстық филиалы Саяси кеңесі бюросының мәжілісі өтті. Жиында партияның алдағы жоспарын межелеп, аумақтық филиалдарындағы сайланбалы...

Қазақстандық QazVac вакцинасының алғашқы партиясы жөнелтілді

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты базасында өндірілген QazVac (QazCovid-in) қазақстандық вакцинасының бірінші партиясын жөнелтуге қатысты. «Қазақстандық вакцинаның жасалуы біздің еліміздің...

Pfizer компаниясы өз вакцинасының жалған нұсқалары қолданылғанын анықтады

Pfizer компаниясы өз өнімінің жалған нұсқалары Мексика мен Польшада қолданылғанын анықтады, деп хабарлайды The Wall Street Journal. Екі елдің билігі дәрі-дәрмектің қаптамаларын тәркілеген, ал компания...

Жанжалға байланысты орнынан кеткен Өскеменнің экс-әкімі жаңа қызметке тағайындалды

Үш жыл бұрын болған шулы оқиғаға байланысты лауазымынан айырылған Өскеменнің бұрынғы әкімі Қуат Тұмабаев Қазақстанның сауда және интеграция министрлігінде жаңа лауазымға ие болды, деп...

«Роза Рымбаева да ауырып тұрыпты». Әнші Майра Мұхамедқызы вакцинаның әсерін ауыр өткергені туралы айтты

Опера әншісі, Шымкент қалалық Опера және балет театрының директоры Майра Мұхамедқызы вакцина ектіргеннен кейінгі хал-ахуалы жайлы Instagram-дағы парақшасында жазды.  Әншінің айтуынша, 3 күнге дейін...

Бас прокуратура өлім жазасына қатысты заң жобасын әзірледі

Бас прокуратура елімізде өлім жазасын алып тастауды қарастыратын заң жобасын әзірледі. Бұл туралы Бас Прокурордың бірінші орынбасары Берік Асылов мәлімдеді. "Бас прокуратура өлім жазасы бойынша...

Аудандық мәдениет үйінің құрылысы партияның бақылауында болады

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өткен жылдың желтоқсан айында Көкшетауға келген ресми сапары барысында өткізген қоғамдық қабылдауында Аршалы ауданында мәдениет үйін...

Ақын Жәркен Бөдешұлы өмірден өтті

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Жәркен Бөдешұлы 76 жасында өмірден өтті. Ақпаратты Қазақстан Жазушылар одағы растады, деп хабарлайды malim.kz. Жәркен Бөдешұлы 1944 жылы 15 мамырда ҚХР-дың Тарбағатай...

Алматы облысында жантүршігерлік апаттан екі адам қаза тапты

Алматы-Нұр-Сұлтан тас жолында үш көлік соқтығысып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды zakon.kz. Алматы облысының полиция департаменті 2021 жылғы 21 сәуір күні сағат 18:20-да Алматы-Нұр-Cұлтан тас...

Қарағанды облысында 24 сотталушының ата-анасы алғыс хат алды

Қарағанды облысында 24 сотталушының ата-анасы алғыс хат алды, деп хабарлайды Polisia.kz. "Алғаш рет сотталғандардың жақсы тәртібін, өзін-өзі жақсы ұстауын ынталандыру, сондай-ақ "кері байланыс" қағидаты бойынша...

Пәкістандағы терракт: Содырлар қытай елшісін жарып жібермек болған

Пәкістанның Кветта қаласындағы Серена қонақ үйінде терракт болды. Конақ үйдің көлік тұрағында бомба жарылып, кем дегенде төрт адам қаза тапты, 11 адам жарақат алды,-деп...

Өткен тәулікте 2 893 адам індет жұқтырған

Елімізде өткен тәулікте 2893 адамнан коронавирус анықталып, ПТР арқылы расталды. Бұл туралы coronavirus2020 сайтында ресми хабарланды. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 574, Алматы қаласы - 695, Шымкент қаласы...

Марста алғаш рет оттегі алынды

Марс атмосферасынан алғаш рет оттегі алынды. Бұл Қызыл планетаға жіберілген Moxie қондырғысы арқылы орындалды, - деп хабарлайды 24.kz Life.ru-ға сілтеме жасай отырып. “Бұл технологияны таныстыру,...

Тәуелсіздік шежіресі: 22 сәуір күні қандай елеулі оқиғалар болды?

1994 жылы Украинаның Қазақстандағы Елшілігі ашылды. 1997 жылы әкімшілік-аумақтық құрылымды оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Талдықорған және Торғай облыстары таратылды. 2008 жылы Мемлекет басшысы ҰҚШҰ...

30-жылдардағы ашаршылық зерттеледі

Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық ғылыми-сараптамалық тобы ұйымдастырған экспедиция барысында зерттеушілер тарихи маңызға ие орындарды аралап қайтты деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Экспедиция мақсаты – 1930-жылдары болған ашаршылық...

Алматыда тауға шығуға тыйым салынады

Қар көшкінінің жүру қаупіне байланысты тау бөктерлеріне шығуға тыйым салынады. Алматыда ауа райына байланысты ескерту жарияланды деп хабарлайды ҚазАқпарат. Төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметтерге қарағанда,...

Елімізде алдағы үш күнде күн жылынады

«Алдағы күндері антициклонның әсері еліміздің басым бөлігінде сақталады, сондықтан ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Сонымен қатар, биіктік жотасы республика аумағы арқылы батыстан...

Үндістанда жаңа мутация пайда болды

Коронавирустың жаңа мутациясы Үндістанның Батыс Бенгалия штатында анықталды деп мәлімдеді Геномика және интеграциялық биология институтының қызметкері Винод Скария. Батыс Бенгалияда коронавируспен ауырғандар саны артқан: соңғы...

Елбасы Ахметжан Есімовті жаңа қызметке тағайындады

Елбасының шешімімен Ахметжан Смағұлұлы Есімов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының штаттан тыс көмекшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Elbasy.kz сайтында хабарланды. Айта кетейік, Ахметжан Смағұлұлы...

Вакцина ектірмегендер жауапкершілікке тартыла ма? – Министрлік жауап берді

Денсаулық сақтау министрлігі мәжбүрлі түрде вакцина алу және одан бас тартқандарға айыппұл салынатыны, жауапкершілікке тартылатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы inform.kz хабарлады. "Бізде мәжбүрлі...

Мәжіліс депутаты жол салуға көбірек ақша жұмсауды ұсынды

Жол салған кезде сапаға баса назар аудару қажет. Депутат Шәміл Осин 21 сәуірде Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында вице-премьер Роман Склярға ұсыныс тастады, - деп...

Жазушы Дулат Исабеков: Кеңес өкіметінің қайта орнағанын аңсай бастадым

Бұл туралы пікір жазушы Stan.kz сайтына берген сұхбатында айтты. Журналистің «90-ншы жылдардан бергі өзгерістерге көңіліңіз тола ма? Теледидардан көрсетіп жатқан жетістіктер ауыз толтырарлықтай ма?» деген сұрағына: «Шынымды айтсам,...

Марат Әзілханов екі бірдей лауазымды қызметке тағайындалды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарын тағайындады. Мемлекет басшысының өкімімен Марат Әзілханов Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің Қазақстан халқы...

АҚШ санкциялары Қазақстанға әсер ете ме?

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер Ресейге қарсы санкциялардың Қазақстанға тигізер әсері жайлы айтты. Бұл туралы Tengrinews.kz жеткізді. – Бұл санкциялар Ресейдің әрекетін өзгерту үшін қабылданғанын...

Түркістанда банк қызметкері тұрғындар атынан несие алған

Түркістан облысында полицейлер тұрғынның атынан артығымен несие рәсімдеп, ақша жымқырып, алаяқтық жасаған банк қызметкерін анықтады. Бұл туралы Polisia.kz мәлімдеп отыр. Түлкібас АПБ-не жергілікті тұрғын арызданған....

Студенттер Жапония билігіне шағымданды

Оңтүстік Кореяда студенттер Жапония билігіне қарсы шеруге шықты. Себебі жуырда жапон билігі «Фукусима-1» атом электр станциясының суын мұхитқа төгу туралы шешім шығарған болатын. Наразылық акциясы...

АҚШ елшісі: Қазақстан біздің вакциналарды сатып алса деймін

Енді АҚШ-тың коронавирусқа қарсы вакциналары елімізге жеткізіледі. Бұл туралы АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер 21 сәуірде өткен брифингте мәлімдеді, - деп хабарлайды regnum. Елші АҚШ-тың...

Қызылордада халыққа жалған ақпарат берілгендіктен 500 адам мемлекеттік орган ғимаратына жиналды (видео)

Қызылорда қалалық Жұмыспен қамту орталығында тұрғындардың жаппай жиналуы бойынша әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбаға байланысты тиісті сала басшылары түсініктеме берді. Жұмыспен қамту орталығында адамдардың көптеп жиналуына...

Шымкентте дәрігерлер өкпесі 80 пайыз істен шыққан науқасты аман алып қалды

Шымкенттік дәрігерлер өкпесі істен шыққан 52 жастағы азаматты аман алып қалды. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді. Исагил Тасимті 4 сәуір күні өте ауыр...

Экс-министр Елжан Біртанов: Эпидемиямен қалай күресу керегін білемін

Денсаулық сақтау экс-министрі Елжан Біртанов сотта өзін босатуды сұрады, деп жазды informburo.kz порталы. "Аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды" деп айыпталған бұрынғы Денсаулық сақтау минстрі...

Каспий жағалауында 20 түйенің өлексесі табылды

Ақтауда Каспий теңізі жағалауынан 20 түйенің өлексесі табылды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі. Каспий теңізінің жағалауынан (Түпқараған ауданына қарасты «Көсе» деген жер...

Израильде маскасыз жүруге рұқсат берілді

Израиль билігі 18 сәуірден бастап далада медициналық маска киюді міндеттеуді тоқтатты, деп жазады The Times of Israel. Жарлыққа елдің денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Хези Леви...

Нәсілдер қақтығысы: АҚШ-та митинг басталды

Огайо штатындағы Колумбус қаласында полицей 16 жастағы Макайя Брайант есімді  қара нәсілді қызды атып өлтірді. Осыған байланысты наразылық білдірушілер полиция ғимаратына жинала бастады. Бұл туралы...

Ақпанда жоғалған Атырау облысы тұрғынының денесі контейнерден табылды

Атырау облысында ақпан айының басында хабар-ошарсыз кеткен 29 жастағы Наурыз Әйтекешов өлі күйде табылды, деп хабарлайды azh.kz. Ол қала маңындағы Талғайран ауылының тұрғыны болған. Атырау...

Ағылшын футбол клубтары Суперлигадан шығатынын мәлімдеді

"Манчестер Юнайтед", "Ливерпуль", "Арсенал" және "Тоттенхэм Хотспур" ағылшын футбол клубтары еуропалық Суперлига жобасынан шығатыны туралы ресми түрде мәлімдеді. Бұл туралы футбол клубтарының ресми парақшасында...

400 жаңа мектеп салынады: Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті

Келесі жылдың соңына дейін 400 жаңа мектеп салынады. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесінің алғашқы ұйымдастыру отырысында...

Айсұлтан Сейітов алғаш рет толықметражды фильм түсірді

Әлемге танымал жұлдыздар - реперлер мен орындаушылардың бейнебаянын  түсіріп жүрген қазақстандық жас режиссер Айсұлтан Сейітов «ҚАШ» атты толықметражды фильмінің түсірілімін аяқтады, - деп хабарлайды...

АҚШ-Қазақстан арасында визасыз режим орнатыла ма?

Америка Құрама Штаттары Қазақстанға визасыз режим беруге әлі дайын емес. Бұл туралы Қазақстандағы АҚШ елшісі Уильям Мозер айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Менің ойымша, біздің ел...

Қоғамдық кеңестер сайлауалды уәделерді қадағалайды

Жақында «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалында алдағы бес жылда қаламыздың болашағы жарқын, экономикалық және саяси жаңғыру, қоғамды елдік мақсатқа ұйыстыру, мықты және келбетті...

9 мамырда мерекелік отшашу ұйымдастырылады

Ташкентте 9 мамыр күні сағат 21: 00-де Еске алу және құрмет тұту күніне арналған мерекелік отшашу болады. Бұл туралы президенттің Жарлығына сілтеме жасап УзА...

Енді нысандар құрылысының сапасын «Халықтық бақылау» қадағалайды

Алматы тұрғындары енді мегаполистегі нысандар құрылысының барысын өздері бақылай алады. Құрылыс процесіне жедел қоғамдық мониторинг жүргізу үшін және қандай да бір бұзушылықтар анықталған жағдайда «Халық бақылаушылары» дереу партиялық бақылау комиссиясына хабарлайды. Жоба «Nur Otan»...

Голливуд жұлдыздары Байденге өтініш жасады

Голливудтың ондаған жұлдызы және басқа да әлемге әйгілі адамдар АҚШ президенті Джо Байденге ашық хат жазып, Бразилия көшбасшысы Жаир Болсонарумен экологиялық келісімдерге қол қоюды...

СҚО-дағы су қоймаларында су деңгейі көтерілді

Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзенінің суы молайып, Долматово елдімекенінің маңында бір тәулікте 113 см дейін көтерілді. «Қазгидромет» РМК СҚО филиалының мәліметінше, Сергеев су қоймасында су...

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Марат Алмасұлы Әзілханов Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды...

Депутат техникалық қызметкерлердің жалақысын көтеруді ұсынды

Мәжіліс депутаты Мақсат Раманқұлов техникалық қызметкерлердің жалақысын көтеру мәселесін көтерді. Осы орайда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың атына депутаттық сауал жолдады. «Мемлекет әлеуметтік салаға жіті...

Жамбыл облысында басқарма басшысы тергеуге алынды

Пандемиядан пайда көрді деген күдікпен Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы тергеліп жатыр. Әсет Қалиевке қатысты жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті қылмыстық іс қозғаған. Бұл...

Маңғыстауда теңіз жағасына шығып қалған итбалықтың баласы құтқарылды

Ақтау қаласындағы Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығының мәліметінше, кішкентай итбалық орталықта екі аптадай болған. Орталыққа түскен кезде әлсіз, салмағы 4,4 келі ғана болса,...

Мемлекет басшысы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады, – деп хабарлады Ақорда. Мемлекет басшысына еліміздегі заңдылық пен құқық қорғау саласының ахуалы, прокуратура органдарының бірінші жартыжылдықта атқарған...

«Талап етеміз!». Атырау облысында тағы да жер дауы туды

Атырау облысында тағы бір жер дауы туды, Тасқала ауылының 100-ден аса тұрғыны "ЭлитСтрой" ЖШС жеке компаниясының карьер жұмыстарын жүргізуіне қарсы болып, митингіге шықты, -...

Алматыда 380 орындық инфекциялық орталықтың құрылысы басталды

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары барысында жаңа медициналық орталықтың құрылысында болды, сондай-ақ велосипед мектебі мен «Ақбұлақ» ықшамауданындағы жаяу жүргіншілер аймағының жобаларымен танысты. Алматы әкімі...

Сарыағашта пайдаланылмай жатқан 766 гектар жер мемлекетке қайтарылды

Сарыағаш ауданында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланбай жатқан тұлғаларды анықтау мақсатында мониторинг жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 765,98 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер пайдаланбай жатқандығы белгілі...

Мектепке қабылдау жүріп жатыр: Министрлік өтініштерді электронды форматта қалай тіркеу керектігін ескертті

Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне сүйенсек, алты жасар және биыл 6 жасқа толатын балалардың құжаттарын бірінші сыныпқа қабылдау науқаны жалғасып жатыр. 20 күннің ішінде...

Жоңғар Алатауы ұлттық паркінде сібір тау ешкісі фототұзаққа түсіп қалған

Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраева Facebook-тегі парақшасында жариялады. «Достар, біздің ел ерекше жануарларға бай. Солардың бірі...

Марафоншы Заңғар Әлкенов Рекордтар кітабына енді

Марафоншы, ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшісі Заңғар Әлкенов Қазақстанның Рекордтар кітабына енді. З.Әлкенов 2020 жылдың қыркүйек айында 1,5 тәулік бойы тоқтамастан жүгіріп, 200 шақырымды құрайтын...

Петропавлда эвакуатормен вагон ұрлаған студенттер ұсталды

Петропавлда ұрылар тұрмыстық вагонды эвакуаторға салып әкетіп, бөлшектеп сатып жіберген. Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, 17 сәуір күні кешке Петропавл тұрғыны полицияға арызданып,...

21 сәуір: тарихтан орын алған маңызды оқиғалар

1925 жылы 21 сәуірде «Қазақ әйелі» және «Теңдік» газеттері негізінде «Қазақстан әйелдері» қоғамдық-саяси журналы шыға бастады. Бастапқыда «Әйел теңдігі», «Сталин жолы» деп аталды. 1955...

Боао азиялық форумы: Елбасы бейнеүндеу жасады

Боао азиялық форумының пленарлық сессиясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнеүндеуі көрсетілді. ҚР СІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы конференцияның негізгі тақырыбы –...

Жол ақысын төлегісі келмеген жолаушы такси жүргізушінің тамағын пышақпен осып жіберген (видео)

Барнаулда жол ақысын төлегісі келмеген жолаушы такси жүргізушінің тамағын пышақпен осып жіберген, деп хабарлайды Life.ru. Барнаул қаласында такси жүргізуші болып жұмыс істейтін 39 жастағы Михаил...

Асабалықпен айналысқан легионер ойыншы қазақстандық жанкүйерлерді таңғалдырды

Футболдан Қазақстан чемпионатының алтыншы турында «Тұран» командасының шабуылшысы Стенли Нкоби «Каспий» клубына қарсы ойында екі гол соғып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Қазақстанға Нигериядан келген Стенли...

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады, – деп хабарлады Ақорда. Мемлекет басшысына министрліктің ақпараттық саясат пен азаматтық қоғамды дамыту...

Карантин: ШҚО аумағына кіріп-шығуға шектеу қойылды

Шығыс Қазақстан облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Құжатқа сәйкес, өңір бойынша карантин 3 мамырға дейін ұзартылды. Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19...

Бауыржан Байбек жылу электр орталықтарының экологияға әсері туралы айтты

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Тәңірберген Бердіоңғаровқа сұхбат берді. Бұл сұхбатта партия жұмысының жай-жапсары, сонымен қатар Болашақ степендиясы, жер мәселелерімен қатар...

Әуе компаниясы жолаушыларға 20 тілде шығатын 1000-нан астам электронды газет-журнал ұсынады

Air Astana әуе компаниясы MyPress электронды басылым қызметін іске қосты. Жаңа қызмет әлемнің 20 тілінде шығатын 1000-нан астам БАҚ-ты назарға ұсынады. Air Astana-ның Жобалар...

Балалар МӘМС аясында қандай медициналық көмек ала алады? – ТОП-10 сұраққа жауап

- Балаларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарнасын төлеу қажет пе? - 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекет МӘМС үшін аударымдар жасайды. Сондықтан медициналық сақтандыру пакетіндегі медициналық...

Ажалы алтыншы рет президенттікке сайланған күні келді

Чад Республикасының президенті Идрис Деби Итно 68 жасында өмірден озды. Бұл туралы Agence France-Presse хабарлады. Президенттікке алтыншы рет қайта сайланған Итноның қазасына 1970-2000 жылдар аралығындағы...

Сайлауалды бағдарламамыз өңірді кешенді дамытуға бағытталған – Марат Сырлыбаев

Жуырда өткен «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалының Саяси Кеңес Бюросының  кезекті отырысында Сайлауалды бағдарламаның орындалуын бақылауға алатын 12 қоғамдық кеңестің құрамы мен төрағалары...

Сайрамдық кәсіпкер тойханасын спорт мектебіне айналдырды

Түркістан облысында карантин кезінде бұрын тойхана бизнесімен айналасатын кәсіпкерлер арасында істерін жаңа бағытқа бұрғандар артты.  Сайрам ауданындағы жергілікті кәсіпкері Өмірхан Оразымбетов үшін де бизнестегі...

СҚО-да 246 бастауыш партия ұйымында есеп беру жиналысы басталды

Бір апта ішінде нұротандықтар партия ұйымдарының 2019-2020 жылдары атқарған жұмысы туралы мәселелерді талқылайды, БПҰ төрағалары мен төрағаларының орынбасарларын, сондай-ақ партияның аумақтық филиалдарының конференциясына делегаттарды...

Биыл докторантурада оқуға қатысты қандай өзгерістер енгізілгені белгілі болды

Докторантураға түсу емтихандары биыл алғаш рет электрондық форматта өтеді. Үміткерлер докторантурада оқуға дайындығын тексеру үшін тест, білім беру бағдарламасының бейіні бойынша емтихан тапсырып, компьютерде...

1 шілдеден бастап халықты құжаттандыруда қандай өзгерістер болатыны белгілі болды

Келесі аптадан бастап ел азаматтары электронды төлқұжаттарын нотариаттық құжаттарын тіркеуде пайдалана алады. Сондай-ақ, нотариальды құжаттар электронды форматқа ауыстырылады, бұл азаматтарға есік қағып жүрмеуге, пошталық...

Шыңғыс Айтматовтың жұбайы дүние салды

Шыңғыс Айтматовтың зайыбы – Мария Айтматова өмірден озды, – деп хабарлайды Кабар агенттігі. «Ұлы жазушы Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматовтың зайыбы Мария Урматқызы Айтматованың өмірден озуын...

Қазақстанда тағы бір мереке пайда болуы мүмкін

Ауыл шаруашылығы министрлігі малшылар күнін бекіту арқылы сала жұмыскерлерінің беделін арттыруды, оларды көтермелеуді көздеп отыр Sputnik.кz сайтының жазуынша, Қазақстанда Малшылар күні пайда болуы мүмкін. Ауыл...

Жамаубаев биыл коронавируспен күреске бюджеттен 265 миллиард теңге бөлінетінін айтты

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2021 жылғы республикалық бюджет шығындары туралы баяндамасында Қазақстанда коронавируспен күрес шараларына 265 миллиард теңге жұмсау жоспарланып отырғанын айтты. Қаржы министрінің айтуынша,...