«Ұларды қолдан өсіріп, Ұлытауға жіберсе қайтеді?»: Журналист Нұрбек Бекбау ерекше ұсыныс жасады

Ол Ұлытау мен ұлар құсының байланысы жайлы ой қозғаған.

«Ұларды қолдан өсіріп, Ұлытауға жіберсе қайтеді?»: Журналист Нұрбек Бекбау ерекше ұсыныс жасады
682

Әлеуметтік желіде журналист Нұрбек Бекбау ұлар құсын Ұлытауға жіберу туралы бастама көтерді, деп жазды turkystan.kz.

«Ұлытауға бардың ба? Ұлар етін жедің бе? Иә, Ұлытауға бардым. Бірақ, етің не, ұлардың ізін де көрмедім. Жергілікті ақсақалдардан сұрадым. Көрмеген. Олардың әкесі, атасы, арғы бабасы да ешуақытта көрмепті. Отырып алып, google ақтардым. Бұл құс өзі Алатау, Гималай, Кавказ секілді асқар тауларды мекендейді екен. Ұлар ешуақытта Ұлытауда мекендемеген бе? Ұйқас қуалап айта салды ма екен? Бірақ, бұлай,-дейін десем, қазекемнің бекер сөйлемейтіні бар. Бір кездері Ұлытау шынымен — Ұлы, Асқар тау боп, шыңында ұлар ұшып-қонған шығар?! Бірақ, алып таудың аласарып кетуі үшін миллион жыл керек емес пе? Мұншама жыл бұрын, жер бетінде қазақ былай тұрсын, адам жоқ еді ғой?! Ұларды қолдан өсіріп, Ұлытауға жіберсе қайтеді?», - деп жазды журналист.

 

Серіктес жаңалықтары