Нью-Йоркте өткен олимпиадада қазақстандық оқушылар 29 медаль жеңіп алды

Колумбия университетінде өткен жарысқа 50-ден астам ел қатысты.

Нью-Йоркте өткен олимпиадада қазақстандық оқушылар 29 медаль жеңіп алды
Рустем Кожыбаев
481

Қазақстандық оқушылар Нью-Йоркте өткен беделді Коперник халықаралық математика олимпиадасында 29 медаль жеңіп алды, деп хабарлады turkystan.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Нью-Йорктегі Колумбия университетінде өткен жарысқа 50-ден астам ел қатысты.

Қазақстандық оқушылар олимпиадада 29 медаль жеңіп алып, ерекше жетістік көрсетті: 2 алтын, 11 күміс және 16 қола.

Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы дипломатиялық мекемелері оқушыларға қолдау көрсеткен ұстаздар мен ата-аналарға алғыстарын білдірді.

— Қымбатты студенттер, ғылымның қызық әлемін танып-білуде алдағы жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз! - деді Қазақстан Республикасының Нью-Йорктегі Бас консулдығының Facebook-тегі парақшасында.

Математикалық олимпиада атақты астроном және математик Николай Коперниктің есімімен аталады. Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын, біліктілігін арттыруға бағытталған. Коперник олимпиадасы қатысушыларды математикалық теорияның тереңдігін зерттеуге, есептерді шешуге және шығармашылық ойлауға шақырады.

Серіктес жаңалықтары