Маңғыстау облысында мектеп директоры мұғалімдерге өзіне салынған айыппұлдарды төлеуге мәжбүрлеген

Мектеп басшылығы ай сайын «Kaspi bank» және «Halyk bank» мобильдік қосымшалары арқылы ақша жинатқан.

Маңғыстау облысында мектеп директоры мұғалімдерге өзіне салынған айыппұлдарды төлеуге мәжбүрлеген
www.istockphoto.com
1558

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында орналасқан №3 арнайы мектеп директоры мұғалімдерге өзіне салынған айппыұлдарды төлеуге мәжбүрлеген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Облыстық сот баспасөзі хабарлағандай, мектепте арнайы тексеру жүргізіліп, мекеме басшылығы тарапынан бірқатар заң бұзушылықтар болғаны анықталды.

Мектеп басшылығы ай сайын «Kaspi bank» және «Halyk bank» мобильдік қосымшалары арқылы қарамағындағы қызметкерлерден ақшаны заңсыз жинаған.

Бұдан басқа, формальды бұйрықтар шығару және жеке тұлғаларға артық сыйлықақылар есептеу негізінде ақша қаражатын заңсыз аудару фактілері анықталды.

Сондай-ақ, мектеп директоры өз қарамағындағылардан өзіне салынған әкімшілік айыппұлдарды төлеуге мәжбүрлеген.

Аталған мектептің лауазымды тұлғаларына қатысты лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша ҚК 361-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

 

 

Серіктес жаңалықтары