«Сенің барыңа шүкір айтамын»: Әнші Аиша жары Бүркітке жүрекжарды жазба арнады

Эстрада жұлдыздары Бүркіт пен Аишаның отбасын құрғандарына 14 жыл толды.

«Сенің барыңа шүкір айтамын»: Әнші Аиша жары Бүркітке жүрекжарды жазба арнады
534

Бүркіттің туған күніне орай жұбайы Аиша жүрекжарды жазба жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

"Құрметті менің күйеуім. 14 жыл бойы сенің туған күніңді бірге тойлап келеміз. Осы уақытқа дейін екеуміз жақын жандарға айналдық. Жыл сайын бір-бірімізге жақындай түскенімізге қуанамын. Біз барлық мәселені бірге шешіп, бірге қуануға тырысамыз. Жалпы бірге көп дүние жасаймыз. Мен осының барлығы үшін саған рақмет айтамын. Сенің барыңа шүкір айтамын, өйткені мен сенен көп дүние үйрендім. Өзімде жоқ жақсы қасиеттерді сенен байқадым. Соның арқасында қазір жауапты әрі мейірімді, жақсы адам болуды үйреніп келемін. Мен әрдайым сенің қасыңдамын. Мен әрдайым сені қолдаймын және сүйемін", – деп жазды әнші. 
 

Серіктес жаңалықтары