Министрлік ел азаматтарын автокөліктен бас тартуға шақырды

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Мәдениет және ақпарат министрлігі ерекше бастама көтерді.

Министрлік ел азаматтарын автокөліктен бас тартуға шақырды
фото: istockphoto.com
777

Қазақстан азаматтарына экологияны қолдау мақсатында көліксіз бір күн өткізу ұсынылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Министрлік ел азаматтарын «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 22 шілдеде өтетін «Автокөліксіз күн» челленджіне қосылуға шақырған. Шара «Birgemiz: Taza Alem» ұлттық жобасы аясында ұйымдастырылып,  жеке көліксіз жүріп, ауаның ластануын және улы газдардың бөлінуін азайтуға себеп болмақ.

Челленджге қатысушылар күні бойы көлік пайдаланудан бас тартуы керек. Ұйымдастырушылар қоғамдық көлікпен, велосипедпен, скутермен немесе жаяу жүруге кеңес береді.

Челленджге қатысу үшін #Көліксіз күн хэштегтерін пайдаланып және ұйымдастырушыларды @birgemiz_taza_alem2022 белгілеп, әлеуметтік желілерде көліксіз өткен күніңіздің фотоларын немесе видеоларын орналастыруыңыз керек. Осылайша, әрбір қатысушы экологиялық бастаманы қолдайтынын көрсетіп, басқаларды да қатысуға шабыттандырады.

Серіктес жаңалықтары