Жұмыс үстелі шашылып жататын адамдардың табысы көп болады – зерттеу

Сауалнамаға 1 600 экономикалық белсенді азамат қатысқан.

Жұмыс үстелі шашылып жататын адамдардың табысы көп болады – зерттеу
сурет: istockphoto.com
611

Жұмыс үстелі шашылып жататын адамдардың табысы көп болады. Superjob.ru ресейліктер арасында жүргізген зерттеуден осындай қорытынды шыққан.

3 ресейліктің 2-уі жұмыс орнын жинақы ұстауды қолай көреді, ал әрбір төртіншісі шығармашылық бейберекет атмосфераны ұнатады. Superjob.ru сауалнамасына Ресейдің барлық өңірінен 1 600 экономикалық белсенді азамат қатысқан. 

Ал ең таңқаларлық нәрсе - шығармашылық бейберекет атмосфераны ұнататындардың арасында жалақысы 100 мың рубльден асатын адамдар екі есе жиі кездеседі екен.

Серіктес жаңалықтары