Ақсу ауданындағы 8 балабақшада қауіпті вирус анықталды

Жетісу облысындағы 8 балабақшасында ішек таяқшалары табылды.

Ақсу ауданындағы  8 балабақшада қауіпті вирус анықталды
istockphoto.com
423

Жетісу облысының прокуратурасы білім беру мекемелерінде балалар үшін қауіпсіз ортаны қамтамасыз етуге теріс әсер еткен 200-ден астам бұзушылықты анықтады.

Инфрақұрылымдық кемшіліктерге ерекше назар аударылды.

Мәселен, Сарқан, Қаратал және Панфилов аудандарындағы 12 балабақшаның жанында жаяу жүргіншілер өткелдері мен "Балалар" белгілері жоқ.

Сарқан және Алакөл аудандарындағы екі балабақшаның аумағы толық қоршалмаған, бұл бөгде адамдардың балабақшалар аумағына кедергісіз кіруіне мүмкіндік берді.

Панфилов ауданының 55 жеке балабақшасында "Шақыру дабыл түймесі" жүйесі жоқ. 40 балабақшада өрт қауіпсіздігін хабарлау жүйесі жұмыс істемейді, ал екі балабақшада олар мүлдем болмады.

Алакөл, Ескелді және Сарқан аудандарының жеті балабақшасында бейнебақылау камераларының көпшілігі жұмыс істемейді.

Ақсу, Сарқан аудандары мен Текелі қаласының 9 балабақшасы өз қызметін мерзімі өткен санитарлық қорытындылар негізінде жүзеге асырды. Ал кейбір жағдайларда мерзімі өткен медициналық препараттар сақталған.

Ақсу ауданының 8 балабақшасында ішек таяқшалары табылды.

Еңбек заңнамасының (ҚР Еңбек кодексінің 26-бабы) талаптарына қайшы, Облыстың балабақшаларында бұрын қасақана қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған 11 адам жұмыс істеген.

Сонымен қатар, прокурорлар Кербұлақ ауданының балабақшаларында жалпы сомасы 25 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтады, олар бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Барлық анықталған бұзушылықтар бойынша бұзушылықтарды жою туралы 22 қадағалау актісі енгізілді, 40 адам әкімшілік жауапкершілікке, 7 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары