Желіде Марат Әйтенов пен Дана Әтешованың тағы бір видеосы тарады
Видеода Әйтеновтің әйелімен арасындағы жанжал қалай және неден басталғанын көруге болады.
Әлеуметтік желіде Шымкенттің экс-әкімі Мұрат Әйтеновтың ағасы Марат Әйтенов пен бұрынғы әйелі Дана Әтешованың арасындағы жанжалдың тағы бір видеосы тарады, деп хабарлады turkystan.kz сайты.
Видеода Әйтеновтің әйелімен арасындағы жанжал қалай және неден басталғанын көруге болады. Сондай-ақ бейнежазбада бір-бірінің сөзін жоққа шығарған Марат Әйтенов пен Дана Әтешова ортақ келісімге келе алмағанын байқауға болады.
Еске салсақ, 12 шілде күні М.Әйтеновтің бұрынғы жұбайын балаларымен бірге үйден сүйреп шығарып жатқан видеосы әлеуметтік желіде тарады.
Ал ертесі күні жәбірленуші әйел әлеуметтік желі арқылы Мемлекет басшысынан көмек сұрап, үндеу жариялады. Әйелдің айтуынша оның бұрынғы күйеуі соңғы жылда олардың өмірін тозаққа айналдырып жіберген. Кейін Астана қалалық полиция департаменті Марат Әйтеновтіңуақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді.
15 шілдеде Марат Әйтенов экс-жұбайының өзіне дене жарақатын салғанын айтып, оның үстінен қарсы арыз жазған.