Ресей депутаттары электросамокаттарға толығымен тыйым салу мәселесін қарастыра бастады

Ресейдің Мемлекеттік Думасының Төрағасы Вячеслав Володин өзінің Telegram-дағы каналында жазылушылар арасында электросамокаттарды пайдалануға толық тыйым салу туралы сауалнама жүргізді.

Ресей депутаттары электросамокаттарға толығымен тыйым салу мәселесін қарастыра бастады
сурет: istockphoto.com
987

Ресей депутаттары электронды самокатқа толығымен тыйым салу мәселесін қарастыра бастады. Мемлекеттік Дума Төрағасы Вячеслав Володин Telegram-дағы каналында электросамокаттарды пайдалануға толық тыйым салу туралы сауалнама бастады. Бұл туралы елдің ТАСС ақпараттық агенттігі жазды. 

Ресейдің Мемлекеттік Думасының Төрағасы Вячеслав Володин өзінің Telegram-дағы каналында жазылушылар арасында электросамокаттарды пайдалануға толық тыйым салу туралы сауалнама жүргізді.

"Мемлекеттік Думада электросамокаттар үшін айыппұлдарды белгілеу туралы заң жобасы бірінші оқылымда қабылданды. Сонымен қатар, көшеде мұндай көлік түрін пайдалануға толық тыйым салу ұсыныстары түсіп жатыр. Сіз қалай ойлайсыз, мұндай шара қажет пе?" - деп сұрады Володин оқырмандарынан.

Ресей Мемлекеттік Думасы 10 шілдедегі пленарлық отырысында электросамокаттар және басқа жеке мобильді құрылғылар, сондай-ақ велосипедтерді басқару кезіндегі құқық бұзушылықтар үшін айыппұл енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады. Құжатты сәуір айында Конституциялық заңнама және мемлекеттік құрылыс бойынша Федерация Кеңесінің комитеті төрағасы Андрей Клишас бастаған сенаторлар тобы парламент палатасына енгізген.

Серіктес жаңалықтары