1074
Төтенше жағдайлар министрлігінде жаңа комитет құрылды
Қаулы 2024 жылғы 28 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді.
Үкімет «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері туралы» 2024 жылғы 28 маусымдағы қаулысын қабылдады.
Құжатта былай делінген:
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі құрылсын.
Осылайша, ТЖМ құрамына енді келесі ведомстволар кіреді:
- Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер жөніндегі Комитет;
- өртке қарсы қызмет Комитеті;
- мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі Комитет;
- өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті;
- төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті.
ТЖМ жаңа ведомство орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға қатысты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелерінде бақылауды жүзеге асыратынын түсіндірді.
Жобаны іске асыру үшін 2024-2028 жылдар кезеңіне 1 млрд 638 млн 715 мың теңге мөлшерінде қосымша қаржылық шығындар қажет болады.
Қаулы 2024 жылғы 28 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді.