Әли Оқапов 12 жыл бұрынғы әнінің жаңа нұсқасын ұсынды

Әнші ескі әнін түрлендірді.

Әли Оқапов 12 жыл бұрынғы әнінің жаңа нұсқасын ұсынды
Сурет: Әншінің жеке парақшасынан
396

Белгілі әнші Әли Оқапов ескі әндерін заман талабына сай жандандыра бастады, деп жазды turkystan.kz.

"12 жыл бұрын осы ән менің ең алғашқы қадамдарымның бірі болды. Әннен бөлек, бейнебаян да ерекше естелік болды. Актрисаны таңдаған кезде, жәй ғана youtube желісінде "Актрисы Казахстана" деп тердік, сол кездегі бүкіл жас актрисалармен бір бағдарлама шықты. Бағдарлама біткенде @ernar_superman менен сұрады "кімге хабарласамыз?" деп. Мен "Жүргізушіге" дедім сол бағдарламаны Аружан Жазылбекова жүргізді, ақыры бейнебаянның бас кейіпкері болды.

12 жыл өтіп, осы әнді қайта өңдеп, дауысын жазып, жаңа нұсқасын ұсынып отырмын"  - деп жазды әнші әлеуметтік желіде.

Серіктес жаңалықтары