629
Алматыда қоқыс пакетінің ішінен нәрестенің денесі табылды
Жаңа туған сәбидің мәйіті «Green Recycle» ЖШС зауытында қоқыс сұрыптау кезінде табылған.
Алматыда қоқыстан жаңа туған нәрестенің денесі табылды. Аталмыш жайт туралы ақпарат Telegram-дағы арналардың бірінде пайда болды.
Оқиға 14 шілдеде «Green Recycle» ЖШС зауытында қоқыс сұрыптау кезінде болды.
«Кәсіпорын жұмысшылары конвейер бөлмесінен ұл баланың денесін тапты. Нәресте қоқыс пакетіне оралған», - деп жазды автор.
Бұған қатысты қалалық полиция департаментінің ресми өкілі пікір білдіріп, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
«Баланың анасының жеке басы және басқа да мән-жайлар анықталып жатыр, сараптамалар тағайындалды», - дейді Салтанат Әзірбек.