Орал қаласында жоғалып кеткен үш бала Ақтөбеден табылды

Нәтижесінде полиция қызметкерлері Ақтөбе облысындағы әріптестермен бірлесіп, жоғалған балаларды 13 шілде күні автобустардың бірінен тапты

Орал қаласында жоғалып кеткен үш бала Ақтөбеден табылды
БҚО полиция департаменті
487

Орал қаласында жоғалып кеткен үш бала Ақтөбе облысынан табылды, деп хабарлады turkystan.kz БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша, балалардың жоғалып кеткені жөнінде хабар 12 шілде күні түскен. Олардың үлкені 13-те, ортаншысы 10-да, кішісі 4 жаста.

Полиция департаментінің барлық қызметтері мен бөлімшелеріне және шекаралас облыстарға дереу іздестіруге бағыт-бағдар берілді.

Нәтижесінде полиция қызметкерлері Ақтөбе облысындағы әріптестермен бірлесіп, жоғалған балаларды 13 шілде күні автобустардың бірінен тапты.

«Алдын ала мәлімет бойынша олар Түркістанда тұратын әкесіне кетуге шешім қабылдаған. Қазіргі уақытта балалардың бәрі анасына қайтарылды. Олардың жағдайы жақсы, өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Полиция департаменті ата-аналарға балаларына және олардың өміріне өздері жауапты екенін ескертеді. Мұндай фактілерге жол бергені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделгенін ескертеді», - деп хабарлады ведомстводан.

Серіктес жаңалықтары