721
Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-дан 1 балл алған оқушыға қатысты мәлімдеме жасады
Бұл Қазақстан бойынша жалғыз жағдай екен
Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Наужан Дидарбекова ҰБТ-да мұндай нәтиженің тіркелгенін растады, деп жазады turkystan.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
"Біз бұл баланың ол нәтижеге дейін де ҰБТ тапсырып, 90 балдан жоғары нәтиже көрсеткенін хабарлаған едік. Бір ұпай жинаған ҰБТ-да оқушы небәрі бес минут отырып, шығып кеткен. Сәйкесінше, осындай нәтиже болды. Бұл туралы оқушы өзінің әлеуметтік желідегі парақшаларында жазды", – деді ол.
Бұл Қазақстан бойынша жалғыз жағдай екен.
"Бір ұпай жинаған бір ғана түлек бар, одан басқа мұндай төмен нәтиже жоқ", – деді Наужан Дидарбекова.