Қазақстандық бишілер «Славян базары» байқауында бірінші орын алды

Халықаралық би жарысы Беларусь елінің Витебск қаласында өтті.

Қазақстандық бишілер «Славян базары» байқауында бірінші орын алды
Аида Келгенбаева/ Жас өркен би ансамблі
561

«Витебсктегі славян базары» жарысы аясында өткен халықаралық Dream Dance Fest байқауында қазақстандық «Жас өркен» би ансамблі 1-орынға ие болды, деп хабарлады Kazinform агенттігі.

Халықаралық би жарысы Беларусь елінің Витебск қаласында өтті. «Жас өркен» жетекшісі Аида Келгенбаеваның айтуынша, қазақстандық биші қыздар 20 шақты команданы артта қалдырып, 1-орынды жеңіп алған. Ал Гран-При жүлдесі Беларус елінің ұжымына берілген.

— «Славян базары» аясында Dream Dance Fest хореграфиялық байқауы өте жоғары деңгейде өтті. Әртүрлі мемлекеттерден келген 20-дан аса би ансамбльдері қатысты. Солардың ішінде топ жарып, 1-орынға ие болғанымызға өте қуаныштымыз. Бұл біз үшін бірінші халықаралық жарыс емес. Былтыр Грузияға барып, онда да бірінші орын алғанбыз. Оған дейін Түркия еліндегі жарысқа қатысқанымыз бар. Бірақ солардың ішінде осы «Славян базарындағы» ірі жарыста жеңіске жеткенімізге қуанамыз, — деді Аида Келгенбаева.

Сондай-ақ ол «Жас өркен» би ансамблі 2007 жылы құрылғанын атап өтті. Топ жетекшісінің айтуынша, қазір ансамбльде 150-дей бала бар. Негізгі бағыты — ұлттық билер. Дегенмен, эстардалық және заманауи билер де үйретіледі.

Серіктес жаңалықтары