Қарағанды облысында 19 мектеп директоры жауапқа тартылды

Мектептердің бірінде ішек таяқшасы бактериялары анықталды.

Қарағанды облысында 19 мектеп директоры жауапқа тартылды
istockphoto.com
441

Қарағанды облысының Нұра ауданында 19 мектеп директоры әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Қарағанды облысының прокуратурасы мәлім етті. 

Нұра ауданының прокуратурасы аудандағы білім беру ұйымдарында өткізген тексеру нәтижесінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, өрт қауіпсіздігі және денсаулық сақтау салаларындағы көптеген заң бұзушылықтарды анықтады, атап айтқанда ауданның кейбір мектептерінде жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дәрілік құралдар табылды.

Белгіленген стандарттарға сәйкес келмейтін дезинфекциялық ерітінділер анықталды. Мектептердің бірінде ішек таяқшасы бактериялары анықталды.

Аудан прокуратурасының қадағалау актісі негізінде барлық анықталған бұзушылықтар жойылды, - делінген хабарламада.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2000-нан астам кәмелетке толмағандардың құқықтары қорғалды.

Тексеру нәтижелері бойынша өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін 19 мектеп директоры әкімшілік жауапкершілікке, 17 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары