«Қайрат, Әбдіжаппар үшеуміз әңгімелескенбіз»: Қабатовтың әзілі елді күлдірді

Әзілкеш Қайрат Нұртас пен Әбдіжаппар Әлқожа үшеуі қалай қамауға алынғанын әзілдеп жеткізді.

«Қайрат, Әбдіжаппар үшеуміз әңгімелескенбіз»: Қабатовтың әзілі елді күлдірді
скриншот/YouTube
857

Жақында ұшақта бортсерікті балағаттап, 5 тәулікке қамауға алынған Тұрсынбек Қабатов шыға сала жеке концерт берді. Өнер иесі өзінің және өнердегі інілері Қайрат Нұртас пен Әбдіжаппар Әлқожаның жағдайы туралы әзілдеп, жұртты күлдірді.

«Негізі жақсы сөйлеу керек екен. Қайрат, Әбдіжаппар үшеуіміз бір жерде отырдық қой. Концерттерден, той-томалақтардан шаршап кеттік. «Бір демалу керек еді» деп әңгімелесіп отырғанбыз. Негізі демалатын басқа жерді ойлағанбыз. Ана жақты ойламадық. Сөйтіп демалып келдік. Мен бес күн сұрап алдым. Қайрат қатты шаршаған-ау, 15 күн сұрап алды. Әбдіжаппар 10 күн алыпты. Негізі жақсы жігіттер ғой. Ерке жігіттерді халық қолдайды. Жігіттер демалып жатыр», – деді актер.

Еске салсақ, бұған дейін әзілкештің Қайрат Нұртасқа тағы бір әзілін жариялағанын жазған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары