Ұлыбританияда 3 әйелді арбалетпен өлтірген қылмыскер іздестіріліп жатыр

Полиция мен жедел жәрдем қызметкерлері оларды құтқаруға тырысқанымен, олар оқиға орнында қайтыс болды.

Ұлыбританияда 3 әйелді арбалетпен өлтірген қылмыскер іздестіріліп жатыр
сурет: istockphoto.com
1065

Ұлыбритания полициясы Лондон маңындағы үйде үш әйелді өлтірді деген күдікпен ер адамға іздеу жариялады. Полиция күдікті ер адамның қолында арбалет болуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы euronews.com жазды.

Хартфордшир полициясы 26 жастағы Кайл Клиффордты үш әйелді өлтірді деген күдікпен іздестіріп жатқанын хабарлады.

Полицияның мәліметінше, үш әйел де бір-бірімен туыс болған және сейсенбі күні кешке Лондонның солтүстік-батысындағы Буши қаласындағы үйде ауыр жараланған күйде табылған. Полиция мен жедел жәрдем қызметкерлері оларды құтқаруға тырысқанымен, олар оқиға орнында қайтыс болды.

Серіктес жаңалықтары