Атыраудағы қаптаған қарақұрт: Жансақтау бөліміне тағы 4 адам түсті

Сондай-ақ, облыстың үш ауданында қарақұрт 400-ге жуық түйеге шабуыл жасап, оның 63-і өлді.

Атыраудағы қаптаған қарақұрт: Жансақтау бөліміне тағы 4 адам түсті
istockphoto.com
481

Атырау облысындағы Индер, Исатай және Құрманғазы аудандары қарақұрт қаптады. Бұл туралы өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Мой город» басылымының мәліметінше, облыстық жедел жәрдем станциясында қарақұрт шабуылының екі жағдайы тіркелген – Индер ауданы Есбол ауылында және Исатай ауданында.

«Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді. Тағы тоғыз адам облыстық ауруханада емделуде, олардың төртеуі реанимацияда. Тағы үшеуі инъекция алды», - деп нақтылады әкімдік.

Сонымен қатар, үш бала балалар ауруханасына түсті: екеуін реанимацияға жатқызуға тура келді, тағы біреуі аурудың жеңіл түрімен босатылды.

Сондай-ақ, облыстың үш ауданында қарақұрт 400-ге жуық түйеге шабуыл жасап, оның 63-і өлді.

  • Исатай (181 түйенің 16-сы өлді)
  • Құрманғазы (122 түйенің 92-сі тірі қалды)
  • Индер (97 түйенің 17-сі, 16 ірі қара малдың 6-уы өлген).

Серіктес жаңалықтары