Қырғыз елі президентінің болашақ күйеу баласы қамауға алынды
Экс-күйеу жігіт пен оның сыбайластарының заңсыз әрекеттерінің жай-жапсары тергеу барысында нақтыланбақ.
Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаровтың болашақ күйеу баласы ұсталды. Ақпаратты Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Асқат Алагөзов растап, түсінік берді.
«Президент Садыр Жапаровтың інісінің қызы Лаззат Нұрқожаеваның күйеу жігітін құқық қорғау органдары ұстағанын растаймыз.
Еске сала кетсек, ер адам Ләззат Нұрқожоеваға тікұшақта үйлену туралы ұсыныс жасағаннан кейін танымал болды. Бірақ жас жігіттің басты мақсаты — оның заңсыз әрекеттерін қорғау үшін биліктегі адамдарды табу деп айтуға толық негіз бар. Президент Садыр Жапаров кім болмасын, оның заңсыз әрекетін жасырмайтынын атап өткім келеді.
Бұрынғы жігіті мен оның сыбайластарының заңсыз әрекеттерінің мән-жайлары тергеу барысында анықталатын болады», — деп жазды Алагөзов.
Айта кетейік, бұған дейін Қырғыз елінің президенті Садыр Жапаровтың жиені Лаззат Нұрқожаеваға сүйіктісі 24 маусымда Оруу-Сай шатқалында ұсыныс жасаған еді. Бойжеткен ол жаққа ер адаммен бірге Қырғызстан төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағымен барған. Бұл оқиға тұрғындар арасында наразылық тудырып, әлеуметтік желі қолданушылары президенттің туыстарының әрекетін қатаң сынға алған.