390
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Министрлік ата-аналарды суға шомылу кезінде балаларға абай болуға шақырып отыр.
Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады.
Министрлік ата-аналарды суға шомылу кезінде балаларға абай болуға шақырып отыр.
Балаларды суға жібермеңіздер және оларды қараусыз қалдырмаңыздар. Өзіңізге және жақындарыңызға сақ болыңыздар, - делінген хабарламада.
Судағы қауіпсіздік ережелері:
- шомылуға тыйым салынған жерлерде шомылуға болмайды;
- тереңдігі белгісіз суға сүңгуге болмайды;
- қалқымалардан аса жүзуге болмайды;
- мас күйінде суға түспеңіз;
- су көліктеріне жақын жүзбеңіз.
Осы шараларды қолдана отырып, сіз өзіңіздің және жақындарыңыздың өмірін сақтай аласыз!