Жұлдыз Әбдікәрімова неліктен Барселонаға кетіп қалғанын түсіндірді

Танымал әнші Қайрат Нұртастың жары, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова Испания елі, Барселона провинциясы, Жерорта теңізінің жағалауында жүр.

Жұлдыз Әбдікәрімова неліктен Барселонаға кетіп қалғанын түсіндірді
коллаж: turkystan.kz
1089

Белгілі актриса әлеуметтік желіде неліктен Испанияға кеткенін түсіндіріп берді, деп жазды turkystan.kz.

«Бұл сапарды өздеріңіз білетіндей жарты жыл бұрын жоспарлағанбыз. Ұлдардың қалауы еді. Сапарға бірнеше ай дайындалдық. Ел-жер аралаудан бөлек, танымдық бағдарламалары мықты. Мәселен біз жексенбі күні келдік. Бұл елде демалыс күнін әр адам өз отбасымен өткізеді екен. Мемлекеттік мекемелерден бөлек, дүкендер, сауда үйлері, базарлар, тамақ ішетін орындар бәрі-бәрі жабық. Ал келген туристтерге бағдарлама өте көп. Біз бір тәулікке bus ticket сатып алдық та, күні бойы қаланы араладық. Яғни сіздің алған билетіңіз қаладағы барлық бағыттағы автобусқа өтімді. Кез-келген аялдамадан түсіп қалып, емін-еркін аралай бересіз. Заң өз азаматтарын әбден қорғайды екен. Бір ғана мысал: егер сіз яғни-турист, бір затыңызды жоғалтып алсаңыз, оны жергілікті “ұры” ұрлап әкетсе, полицияға шағымдану пайдасыз. Өйткені заң бойынша сіз немқұрайлығыңыз үшін кінәлісіз. Себебі ұрлап кеткен азамат осы елдің тұрғыны болса, жауапқа тартылмайды. Мұның қаншалықты дұрыс немесе бұрыс екенін өзіңіз ойланыңыз», - деді Ж. Әбдікәрімова.

Серіктес жаңалықтары