Атақты миллиардер қызметкерлеріне 653 млн долларды бөліп бермек

Кәсіпкер түгел соманы өз атына аудармай, 2653 млн долларды өз қызметкерлеріне бөліп бермек.

Атақты миллиардер қызметкерлеріне 653 млн долларды бөліп бермек
www.istockphoto.com
627

Ұлыбританиялық миллиардер Марк О'Хара Preqin атты компаниясын сатып, 653 млн долларды қызметкерлеріне бөліп бермек, деп хабарлайды turkystan.kz Fortune-ге сілтеме жасап.

О'Хара Preqin-нің негізін 2002 жылы қалаған. Компания қаржылай деректер мен балама инвестиция нарығы туралы мәлімет жинақтау мен талдаумен айналысады. Аталған компания 190 мыңдаған қордың, 60  мыңдаған қор биржасының және 30 мыңдаған инвесторлардың жұмысы туралы жазады.

Маусым басында Preqin компаниясын америкалық BlackRock компаниясы сатып алған болатын. Келісімшарт құны – 3,2 млрд доллар.

Келісімшарт жасалған соң, кәсіпкер мен оның әйелі Линди О'Хара Ұлыбританияның 100 бай адамының тізіміне кіреді. Алайда кәсіпкер түгел соманы өз атына аудармай, 2653 млн долларды Preqin қызметкерлеріне бөліп бермек.

Серіктес жаңалықтары