492
Ресеймен шекарада 200-дей жүк көлігі тұрып қалды
Мәлімет бойынша, Ресей тарапынан шекаралық бақылау процестерінің баяулауы кептелістің негізгі себебі болып отыр
Батыс Қазақстан облысында Ресей Федерациясы бағытында 6 шілдеден бастап «Сырым» автомобиль өткізу бекетінде 200-ге жуық жүк көлігі тұрып қалды, деп жазады turkystan.kz Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.
Мәлімет бойынша, Ресей тарапынан шекаралық бақылау процестерінің баяулауы кептелістің негізгі себебі болып отыр.
«Қолда бар ақпаратқа сәйкес Ресейдің шекара қызметі „Маштаков“ өткізу бекетінде инспекциялық-тексеру кешенінің жұмысындағы проблемаларға байланысты жүктерге физикалық бақылау жүргізеді. Қазақстандық тарап жағдайды реттеу үшін ресейліктермен жұмыс жүргізуде», — деп хабарлады ведомстводан.