Жаңаөзенде мұнай тиелген жүк көлігі жанып кетті

Зардап шеккендер жоқ, оқиғаның себебі анықталып жатыр

Жаңаөзенде мұнай тиелген жүк көлігі жанып кетті
lada.kz
448

Жаңаөзенде мұнай тиелген жүк көлігі жанып кетті, деп жазады turkystan.kz massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға "Жаңаөзен-Жетібай" тасжолы аумағында болған.

ТЖМ мәліметінше, 6 шілдеде түстен кейін мұнай тасымалдайтын жүк көлігінің артқы дөңгелектері өртенген.

Өртсөндірушілер шақыру түскен сәттен бастап 35 минут ішінде тілсіз жауды ауыздықтады.

Зардап шеккендер жоқ, оқиғаның себебі анықталып жатыр.

"Көлікте төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз", - деді құтқарушылар.

Серіктес жаңалықтары