Шымкентте 4 жасар бала үшінші қабаттың терезесінен құлап кетті

Қалалық ТЖД ата-аналар мен ересектерге балаларды қараусыз қалдырмауды және сақтық шараларын қатаң сақтауды сұрайды

Шымкентте 4 жасар бала үшінші қабаттың терезесінен құлап кетті
istockphoto.com
573

Шымкентте үйдің 3-қабатындағы терезесінен 4 жасар бала құлап кетті, деп жазады turkystan.kz.

Оқиға 6 шілде күні Қ.Төлеметов көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болған. Дәрігерлердің айтуынша, балабақша жасындағы бүлдіршіннің жағдайы орташа.

Қалалық ТЖД ата-аналар мен ересектерге балаларды қараусыз қалдырмауды және сақтық шараларын қатаң сақтауды сұрайды.

Серіктес жаңалықтары