Серік Ибрагимов Scat әуе компаниясын сотқа бермек, деп хабарлады turkystan.kz.
«Scat әуе компаниясы, сендерге ренжідім! Не болды мына тірлік? Телефон тұтқасын көтермейсіздер. Жауапкершілік мүлдем жоқ. Ұшатын уақытқа 2-3 сағат қалған кезде ұшу уақыты ауысты дейтін не әңгіме енді?! Scat-ты сотқа беретіндердің арасында енді мен де бармын. Бұл бірінші рет емес, бірнеше рет қайталанып отыр. Өте нашар әуе компания екенсіңдер», – деп жазды әнші.